https://sputnik.kz/20220110/Zhambylda-15-adam-qaza-tapqan-19104198.html
Жамбылда бүліктің кесірінен 15 адам қаза тапқан
Жамбылда бүліктің кесірінен 15 адам қаза тапқан
Sputnik Қазақстан
Жамбыл облысындағы ахуал тұрақталды. Жағдай жергілікті билік құрған жедел штабтың қатаң бақылауында 10.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-10T12:24+0500
2022-01-10T12:24+0500
2022-02-01T13:05+0500
терроризмге қарсы арнайы операция
оқиға
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0a/19102419_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_fb2fa51a2c0f4ef5d62f9f65c2bb8b4c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Тараз қаласында террорлық шабуылға тосқауыл қойылып, он шақты қарулы қылмыскердің көзі жойылып, 269 бүлікші ұсталды, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.20 қылмыстық, 104 әкімшілік іс қозғалды. 42 адам ауруханаға түсті. Жалпы 15 адам қаза тапты. Оның 2-і құқық қорғау органдарының қызметкері.7 полицей жарақат алса, оның ішінде 2-іне оқ тиген. 100-ден астам қызметтік көлік зардап шекті. 283 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген, оның 42-сі ауруханада жатыр.Теміржол вокзалында 23.00-ден кейін пойыздан түсетін жолаушыларды арнайы кезекші автобустар тасымалдайды.Қылмыскерлерді ұстау, жедел іздестіру шаралары жалғасуда. Облыс бойынша 29 блокбекет жұмыс істеуде, оның ішінде Тараз қаласының кіріс-шығыс қақпаларына 10 блокбекет қойылған. Барлық көлік тексерілуде. Бүгінгі таңда оларға 4 рет шабуыл жасалған.Блокбекеттерде шетел, басқа өңірлерден келген көліктері анықталуда. Бүлікшілер облыс әкімдігінің, "Nur Otan" партиясы филиалының және полиция департаментінің ғимараттарын өртеген.Зақым келген нысандарды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Зардап шеккен әлеуметтік нысандар жоқ. Өңірде қоғамдық тыныштықты сақтау бойынша жергілікті билік пен ерікті халықтың, қоғам белсенділерінің бірлескен жұмысы жалғасуда.ТЖ бекеті, әуежай, әскери қоймалар, "Әмір және Д" әскерилердің қорғауында. Сондай-ақ маңызды стратегиялық нысан болып саналатын Қордай ауданы Отар әскери қалашығындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ әскерилердің қорғауында. Коммуналдық қызметтер тұрақты жұмыс істеп жатыр.Оқи отырыңыз: Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының мәйіті табылды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0a/19102419_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_11f609c76e309f37a7c0017a80892238.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
терроризмге қарсы арнайы операция
терроризмге қарсы арнайы операция
Жамбылда бүліктің кесірінен 15 адам қаза тапқан
12:24 10.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Жамбыл облысындағы ахуал тұрақталды. Жағдай жергілікті билік құрған жедел штабтың қатаң бақылауында
НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Тараз қаласында террорлық шабуылға тосқауыл қойылып, он шақты қарулы қылмыскердің көзі жойылып, 269 бүлікші ұсталды, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
20 қылмыстық, 104 әкімшілік іс қозғалды. 42 адам ауруханаға түсті. Жалпы 15 адам қаза тапты. Оның 2-і құқық қорғау органдарының қызметкері.
"Әкімдікті өртеген белсенді 4 адам ұсталып, 2 Калашников автоматы тәркіленді. Қаруланған топқа қарсы полиция, ҰҚК департаменттері мен "Оңтүстік" әскери қолбасшылығының 2000-нан астам қызметкері, 100-ден астам арнайы техникасы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
7 полицей жарақат алса, оның ішінде 2-іне оқ тиген. 100-ден астам қызметтік көлік зардап шекті. 283 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген, оның 42-сі ауруханада жатыр.
Теміржол вокзалында 23.00-ден кейін пойыздан түсетін жолаушыларды арнайы кезекші автобустар тасымалдайды.
Қылмыскерлерді ұстау, жедел іздестіру шаралары жалғасуда. Облыс бойынша 29 блокбекет жұмыс істеуде, оның ішінде Тараз қаласының кіріс-шығыс қақпаларына 10 блокбекет қойылған. Барлық көлік тексерілуде. Бүгінгі таңда оларға 4 рет шабуыл жасалған.
Блокбекеттерде шетел, басқа өңірлерден келген көліктері анықталуда. Бүлікшілер облыс әкімдігінің, "Nur Otan" партиясы филиалының және полиция департаментінің ғимараттарын өртеген.
Зақым келген нысандарды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Зардап шеккен әлеуметтік нысандар жоқ. Өңірде қоғамдық тыныштықты сақтау бойынша жергілікті билік пен ерікті халықтың, қоғам белсенділерінің бірлескен жұмысы жалғасуда.
ТЖ бекеті, әуежай, әскери қоймалар, "Әмір және Д" әскерилердің қорғауында. Сондай-ақ маңызды стратегиялық нысан болып саналатын Қордай ауданы Отар әскери қалашығындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ әскерилердің қорғауында. Коммуналдық қызметтер тұрақты жұмыс істеп жатыр.