Өңірлер

Изоляторға жасалған шабуыл: қаза тапқан прапорщик зейнетке шығуға дайындалып жүрген

© Photo : ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметіТалдықорғанда тергеу изоляторына жасалған шабуыл кезінде қаза тапқан Ербол Ержановпен қоштасу
Талдықорғанда тергеу изоляторына жасалған шабуыл кезінде қаза тапқан Ербол Ержановпен қоштасу  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2022
Жазылу
Әділет прапорщигі Ербол Ержанов 7 қаңтар күні тергеу изоляторына жасалған шабуыл кезінде мерт болды
НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Талдықорған халқы Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкері, әділет прапорщигі Ербол Ержановты ақтық сапарға шығарып салды. Ол тергеу изоляторына жасалған шабуыл кезінде қаза тапқан еді.
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, трагедия 7 қаңтарда Талдықорғанда болды.
Қаруланған топ ЛА-155/16 (тергеу изоляторы) мекемесі аумағының сыртында жүрген қызметкерлерге оқ атқан. Салдарынан әділет прапорщигі Ербол Ержанов ажал құшты. Оның басы мен аяғына оқ тиген.
Марқұмның әкесінің айтуынша, ұлы тергеу изоляторында 22 жыл қызмет етіпті.
"6 қаңтарда оның мерзімі аяқталып, ол зейнетке шығуы керек еді. Бірақ сұм ажал оны ортамыздан алып кетті. Ол Отанның бейбітшілігі мен тыныштығы үшін өз өмірін қиды. Лаңкестер бізді пайдаланып кетті, сондықтан ауызбіршілікте болайық. Арандатуға ермейік", - деді прапорщиктің әкесі.
Оқи отырыңыз: Лаңкестер төңкеріс жасауды көздеді – мемлекеттік хатшы
Марқұмның артында жұбайы, екі баласы мен әкесі қалды. Ұлы – Әскери институттың курсанты. ҚАЖК ақпаратынша, елдегі жағдайға байланысты ол әкесін соңғы сапарға шығарып салуға келе алмады.
Жаңалықтар
0