Қоғам

Сағынтаев Алматының тыныс-тіршілігі қалпына келіп жатқанын хабарлады

© AFP 2024 / ALEXANDR BOGDANOVПешеходы несут продукты в Алматы, 9 января 2022 года
Пешеходы несут продукты в Алматы, 9 января 2022 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2022
Жазылу
Көшелерден 200 тоннадан астам қоқыс, аулалардан мың тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық шығарылды
АЛМАТЫ, 10 қаңтар – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың тыныс-тіршілігін біртіндеп қалыпқа келтіру басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ол қала тұрғындарына тыныштық пен батылдық, жағдайды тұрақтандыруға және тәртіп орнатуға ықпал еткені үшін алғыс айтты.
"Біз қазақстандықтардың қиын кезеңдерде ұйымшыл болып, біртұтас жұдырық ретінде әрекет ететініне тағы да көз жеткіздік. Алматылықтарға тәртіпсіздік кезінде көрсеткен сабырлылық пен батылдық және бізге көрсеткен көмектеріңіз үшін алғыс айтамын", - деді Сағынтаев.
Айтуынша, Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Қаланың барлық қызметі антитеррористік орталықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп тұр. Барлық мәселе келісілген түрде шешіледі және біртіндеп қала қалыпты жағдайға оралады.
Қаланың барлық ауданында тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көшелерден 200 тоннадан астам қоқыс, аулалардан мың тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Коммуналдық қызметтер әскери қызметшілер залалсыздандырған аумақтарға кіреді. Құқық қорғау органдары қаланы тазартуды жалғастырып жатыр.
Айта кетері, бұл күндері қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесі үзіліссіз жұмыс істеді. Халықты сумен қамтамасыз ету, кәріз, газбен жабдықтау, жылу қызметтерімен қамтамасыз ету штаттық режимде жүргізілді.
Қаланың азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. 80-ге жуық супермаркет, үш ірі азық-түлік базары, 70-ке жуық жанармай құю станциясы, 111 дәріхана жұмыс істей бастады, олардың үшеуі тәулік бойы жұмыс істейді. Автогаз бағасы литріне 70 теңгеге дейін төмендеді.
"Қабылданып жатқан шаралар қала өмірін біртіндеп қалыпқа келтіруге мүмкіндік берді. Бізден тек сабырлық, шыдамдылық пен түсіністік қажет", - деп Бақытжан Сағынтаев .
Сондай-ақ қала әкімі төтенше жағдай режимінің талаптарын мүлтіксіз сақтау және коменданттық сағатты бұзбау қажет екенін еске салды.
Қалада "Барыс", "Алматы-1", "Арыстан"3 ірі азық-түлік базарлары жұмыс істеп тұр. 111 дәріхана жұмыс істейді, оның 107-сі сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін ашық болады. Прокофьев көшесі, 140; Майлин көшесі, 13; Красногвардейская көшесі, 573 "а"; Думан ықшам ауданы, Аязби көшесі, 2 мекенжайында орналасқан дәріханалар тәулік бойы ашық тұр.
Оқи отырыңыз: Алматыда қанша террорист ұсталды 
Жаңалықтар
0