Қоғам

Орталық Азияда террористік ұйымдардың ұйқыдағы ұяшықтары бар – Рахмон

© РИА Новости / Медиабанкке өтуЭмомали Рахмон
Эмомали Рахмон - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2022
Жазылу
Рахмонның пікірінше, террористердің Отаны, діні, ұлты жоқ. Қай жерде болмасын, олардың көзін жою керек
НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ҰҚШҰ-ның оңтүстік шекарасында лаңкестерді дайындайтын 40-тан астам лагерь барын мәлімдеді.
"Мен бұған дейін біздің елдерде халықаралық терроризм, экстремизм мен діни радикализмнің ұйқыдағы ұяшықтары барын бірнеше рет айттым. Біздің арнайы қызметтердің мәліметінше, ҰҚШҰ-ның оңтүстік шекарасында, Ауғанстанның солтүстік-шығыс провинцияларында террористерді дайындайтын 40 астам лагерь мен орталық бар. Ал ондағы содырлардың саны 6 мыңнан асады",- деді Рахмон ҰҚШҰ елдері лидерлерінің онлайн саммитінде.
Рахмонның пікірінше, террористердің Отаны, діні, ұлты жоқ. Қай жерде болмасын, олардың көзін жою керек.
"Ұжымдық қауіпсіздік туралы кеңестің террористік деп танылған ұйымдардың бірыңғай тізімін құру туралы шешімі әлі күнге дейін жүзеге аспағанын еске салғым келеді. Бұл өте маңызды", - деді ол.
Сондай-ақ Рахмон тәжік-ауған шекарасын нығайтуға баса көңіл бөлу қажет деп есептейді.
Бұдан бөлек, шетелдік діни орталықтарға оқуға баратын азаматтардың проблемасына да назар аудару керек, деді ол.
Жаңалықтар
0