https://sputnik.kz/20220110/10-qantar-zhalpyulttyq-aza-tutu-kuni-19100023.html
10 қаңтар – жалпыұлттық аза тұту күні
10 қаңтар – жалпыұлттық аза тұту күні
Sputnik Қазақстан
Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күш құрылымдарының 18 қызметкері мен бірнеше қарапайым тұрғын қаза тапты 10.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-10T06:51+0500
2022-01-10T06:51+0500
2022-05-23T15:51+0500
аза тұту
тәртіпсіздік
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/1240/54/12405437_0:107:2048:1259_1920x0_80_0_0_73310ee3b5c573ba603353924fb953ed.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Қазақстандықтар 10 қаңтарда жаппай тәртісіздіктер кезінде қаза тапқандарды аза тұтады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты биылғы 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау жөнінде шешім қабылдады.Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күш құрылымдарының 18 қызметкері қаза тауып, Ұлттық ұлан мен ішкі істер органдарының 748 қызметкері зардап шекті.Қазақстан бойынша тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен 2 265 адам медициналық көмекке жүгінген. 83 адам ауруханада ауыр халде жатыр.Бұған дейін Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде 4 жастағы қыз көз жұмғаны туралы жазғанбыз. Сондай-ақ Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде 11 жастағы бала оқ тиіп қаза болды. Тағы бір бала ауруханаға түскен.9 қаңтарда президенттің төрағалығымен өткен штаб отырысында 125 қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды, ішкі істер органдарына 5,8 мың адам жеткізілді, оның ішінде шетелдіктер де бар.Кездесу барысында Тоқаев кей өңірлердегі тәртіпсіздіктердің салдарын жою бойынша Үкімет комиссиясын құруды тапсырды.Мемлекет басшысы Алматыда және басқа да өңірлерде әкімшілік ғимараттарды, әлеуметтік-коммуналдық нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын жедел бастауды тапсырды.Айта кетейік, лаңкестікке қарсы операция еліміздің бірқатар өңірінде жалғасып жатыр, бірақ Қазақстанның басым бөлігінде жағдай тұрақтанды.Оқи отырыңыз: Алматыда полиция департаментіне жасалған шабуыл жоспарланған операция – штаб
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1240/54/12405437_114:0:1935:1366_1920x0_80_0_0_bb740d338a625667753ce118d5e2328a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
аза тұту, тәртіпсіздік
10 қаңтар – жалпыұлттық аза тұту күні
06:51 10.01.2022 (жаңартылды: 15:51 23.05.2022) Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күш құрылымдарының 18 қызметкері мен бірнеше қарапайым тұрғын қаза тапты
НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Қазақстандықтар 10 қаңтарда жаппай тәртісіздіктер кезінде қаза тапқандарды аза тұтады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты биылғы 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау жөнінде шешім қабылдады.
Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күш құрылымдарының 18 қызметкері қаза тауып, Ұлттық ұлан мен ішкі істер органдарының 748 қызметкері зардап шекті.
Қазақстан бойынша тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен 2 265 адам медициналық көмекке жүгінген. 83 адам ауруханада ауыр халде жатыр.
Бұған дейін Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде
4 жастағы қыз көз жұмғаны туралы жазғанбыз. Сондай-ақ Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде
11 жастағы бала оқ тиіп қаза болды. Тағы бір бала ауруханаға түскен.
9 қаңтарда президенттің төрағалығымен өткен штаб отырысында 125 қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды, ішкі істер органдарына 5,8 мың адам жеткізілді, оның ішінде шетелдіктер де бар.
Кездесу барысында Тоқаев кей өңірлердегі тәртіпсіздіктердің салдарын жою бойынша Үкімет комиссиясын құруды тапсырды.
Мемлекет басшысы Алматыда және басқа да өңірлерде әкімшілік ғимараттарды, әлеуметтік-коммуналдық нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын жедел бастауды тапсырды.
Айта кетейік, лаңкестікке қарсы операция еліміздің бірқатар өңірінде жалғасып жатыр, бірақ Қазақстанның басым бөлігінде жағдай тұрақтанды.