https://sputnik.kz/20220109/kazakstan-aksha-ayyrbastau-19099503.html
Ақша айырбастау пункттерінің жұмысы уақытша тоқтады
Ақша айырбастау пункттерінің жұмысы уақытша тоқтады
Sputnik Қазақстан
Бұл Алматы және еліміздің өзге де өңірлерінде жалғасып жатқан терроризмге қарсы операцияға байланысты болып отыр 09.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-09T19:04+0500
2022-01-09T19:04+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
ақша айырбастау
қазақстан
https://sputnik.kz/img/1305/57/13055729_0:241:3067:1976_1920x0_80_0_0_665838fbf1bc5b86be31b9ecbee86367.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда валюта айырбастау пунктерінің жұмысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлады Ұлттық Банк.Банк жүйесінің жұмысын қалпына келтіру кезең-кезеңімен іске асырылады.Бұл ретте халық пен бизнес үшін банк сервистерінің басымдығы мен әлеуметтік маңыздылығы негізге алынбақ.Мұндай шаралар интернеттің тұрақсыз жұмыс істеуі мен Алматы және еліміздің өзге де өңірлерінде жалғасып жатқан терроризмге қарсы операцияға байланысты болып отыр.Ұлттық Банк қаржы жүйесін тұрақтандыру бойынша қандай іс-шаралар қолға алынатынын жариялады:10 қаңтар төлем жүйелері штаттық режимде іске қосылады. Оның ішінде зейнетақы, жәрдемақы мен жалақы аударымдары жасалады.Қазақстандық биржа қорындағы (KASE) репо операциялар және мемлекеттік құнды қағаздар нарығы қалыпқа келтіріледі.Бұдан бөлек, KASE валюталық алаңындағы сауда-саттық және халықаралық төлемдер мен аударымдарды жасау жүйесі Алматы мен басқа өңірлердегі жағдайдың тұрақталуына қарай қалпына келтіріледі.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1305/57/13055729_0:120:3067:2047_1920x0_80_0_0_563c5bbf2767755e677ccbab2252f41a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақша айырбастау, қазақстан
ақша айырбастау, қазақстан
Ақша айырбастау пункттерінің жұмысы уақытша тоқтады
19:04 09.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Бұл Алматы және еліміздің өзге де өңірлерінде жалғасып жатқан терроризмге қарсы операцияға байланысты болып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда валюта айырбастау пунктерінің жұмысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлады Ұлттық Банк.
Банк жүйесінің жұмысын қалпына келтіру кезең-кезеңімен іске асырылады.
Бұл ретте халық пен бизнес үшін банк сервистерінің басымдығы мен әлеуметтік маңыздылығы негізге алынбақ.
Мұндай шаралар интернеттің тұрақсыз жұмыс істеуі мен Алматы және еліміздің өзге де өңірлерінде жалғасып жатқан терроризмге қарсы операцияға байланысты болып отыр.
Ұлттық Банк қаржы жүйесін тұрақтандыру бойынша қандай іс-шаралар қолға алынатынын жариялады:
10 қаңтар төлем жүйелері штаттық режимде іске қосылады. Оның ішінде зейнетақы, жәрдемақы мен жалақы аударымдары жасалады.
Қазақстандық биржа қорындағы (KASE) репо операциялар және мемлекеттік құнды қағаздар нарығы қалыпқа келтіріледі.
Бұдан бөлек, KASE валюталық алаңындағы сауда-саттық және халықаралық төлемдер мен аударымдарды жасау жүйесі Алматы мен басқа өңірлердегі жағдайдың тұрақталуына қарай қалпына келтіріледі.