https://sputnik.kz/20220109/Toqaev-shtab-otyrys-19096708.html
Тоқаев шұғыл әрекет ету штабының кезекті отырысын өткізді
Тоқаев шұғыл әрекет ету штабының кезекті отырысын өткізді
Sputnik Қазақстан
Қазір 125 қылмыстық іс қозғалған. Полиция органдарына 5,8 мың адам жеткізілген. Олардың арасында көптеген шетелдік азамат бар 09.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-09T11:38+0500
2022-01-09T11:38+0500
2022-02-01T13:05+0500
саясат
https://sputnik.kz/img/07e6/01/09/19096448_0:0:3373:1898_1920x0_80_0_0_f051bb105f8bfd25ad11c7c299edf179.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен шұғыл әрекет ету штабының кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.Мемлекет басшысына құқық қорғау органдары мен Қарулы күштердің еліміздегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қалпына келтіруіне қатысты қабылданған шаралар мен өңірлердегі төтенше жағдай режимінің сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндалды.Блок бекеттер орнатылып, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің біріккен бітімгерлік күштеріне бірқатар стратегиялық нысанды күзету тапсырылды. Күштік құрылымдар елді мекендерде "тазалау" жұмыстарын жалғастырып жатыр. Лаңкестердің орналасқан жерін анықтау, ұстау, оларға қатысты құжаттар мен мәліметтерді жинау және тиісті сараптама жасау жөнінде шұғыл шаралар атқарылуда.Қазір 125 қылмыстық іс қозғалған. Полиция органдарына 5,8 мың адам жеткізілген. Олардың арасында көптеген шетелдік азамат бар.Жиында еліміздің барлық өңірлерінде ахуалдың тұрақтанғаны, жағдайдың бақылауға алынғаны және құқық қорғау органдары әкімшілік ғимараттардың бәрін лаңкестерден тазартқаны туралы айтылды. Коммуналдық және тіршілікке қажетті басқа да нысандар қалпына келтіріліп жатыр.Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымдардың еліміздегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын атап өтті.Отырыс барысында мемлекет басшысы тәртіпсіздіктердің салдарынан келген шығындарды қалпына келтіру үшін Үкіметтік комиссия құруды тапсырды.Президент Алматы қаласы мен басқа да өңірлердің әкімшілік ғимараттарын, әлеуметтік және коммуналдық нысандарын қалпына келтіру жұмыстарына жедел кірісуді тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/09/19096448_340:0:3071:2048_1920x0_80_0_0_babaf20da75cd054d979ddb53e7f37fd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Тоқаев шұғыл әрекет ету штабының кезекті отырысын өткізді
11:38 09.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қазір 125 қылмыстық іс қозғалған. Полиция органдарына 5,8 мың адам жеткізілген. Олардың арасында көптеген шетелдік азамат бар
НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен шұғыл әрекет ету штабының кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысына құқық қорғау органдары мен Қарулы күштердің еліміздегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қалпына келтіруіне қатысты қабылданған шаралар мен өңірлердегі төтенше жағдай режимінің сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндалды.
Блок бекеттер орнатылып, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің біріккен бітімгерлік күштеріне бірқатар стратегиялық нысанды күзету тапсырылды. Күштік құрылымдар елді мекендерде "тазалау" жұмыстарын жалғастырып жатыр. Лаңкестердің орналасқан жерін анықтау, ұстау, оларға қатысты құжаттар мен мәліметтерді жинау және тиісті сараптама жасау жөнінде шұғыл шаралар атқарылуда.
Қазір 125 қылмыстық іс қозғалған. Полиция органдарына 5,8 мың адам жеткізілген. Олардың арасында көптеген шетелдік азамат бар.
Жиында еліміздің барлық өңірлерінде ахуалдың тұрақтанғаны, жағдайдың бақылауға алынғаны және құқық қорғау органдары әкімшілік ғимараттардың бәрін лаңкестерден тазартқаны туралы айтылды. Коммуналдық және тіршілікке қажетті басқа да нысандар қалпына келтіріліп жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымдардың еліміздегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын атап өтті.
Отырыс барысында мемлекет басшысы тәртіпсіздіктердің салдарынан келген шығындарды қалпына келтіру үшін Үкіметтік комиссия құруды тапсырды.
Президент Алматы қаласы мен басқа да өңірлердің әкімшілік ғимараттарын, әлеуметтік және коммуналдық нысандарын қалпына келтіру жұмыстарына жедел кірісуді тапсырды.