Қоғам

Сағынтаев тәртіпсіздік кезінде ажалдан қалай аман қалғанын айтып берді

© Sputnik / Абзал КалиевБакытжан Сагинтаев
Бакытжан Сагинтаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2022
Жазылу
Шаһар басшысы мен оның әріптестері және "Алматы" телеарнасының қызметкерлері оқ астында қалды
НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаппай тәртіпсіздік кезінде өлім аузынан қалай аман қалғанын айтып берді, деп хабарлайды orda.kz.
Екі бірдей қалалық басқарма басшысы жараланған. Қастандық 5 қаңтар кешке жасалды. Сағынтаев қала тұрғындарына алғашқы үндеуін жолдау үшін телеарнаға бара жатқан.
Шаһар басшысы мен оның әріптестері және "Алматы" телеарнасының қызметкерлері оқ астында қалды. Телеарна жүргізуші қайтыс болды.
Әкімдік қызметкерлері – спорт басқармасының басшысы Рустам Байсейітов пен дін басқармасының басшысы Нұрлан Кікімов жарақат алған. Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаевтың жүргізушісі зардап шекті.
Байсейітов пен Кікімов ауруханада жатыр. Олардың жағдайы тұрақты.
Сағынтаев әріптестерімен бірге жүргізушінің кәсібилігінің арқасында аман қалғанын айтты.
"Көліктер арасында снарядтар оңға қарай тасталған. Үлкен жылдамдықтың арқасында ол жерден кеттік. Атыс қатты болды", - деді Сағынтаев.
Жаңалықтар
0