Саясат

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы лауазымынан неге бас тартты

Нурсултан Назарбаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2022
Жазылу
Елбасы тәртіпсіздіктер мен террор ел басшылығынан жедел, қатал және ымырасыз жауап беруді талап ететінін жақсы түсінді, деді Айдос Үкібай
НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы лауазымын президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы шешімді өзі қабылдады, деп мәлімдеді Елбасының баспасөз хатшысы.
"Өйткені тәртіпсіздіктер мен террор ел басшылығынан жедел, қатал және ымырасыз жауап беруді талап ететінін жақсы түсінді", - деп атап өтті Айдос Үкібай.
Оның айтуынша, Елбасы мен Тоқаев қашанда халқын, елін, ұлт болашағын қорғай отырып, "баррикаданың бір жағында" болды.
"Біздің барлығымыз үшін осы қиын күндерде олар мемлекеттік биліктің тұтастығын тағы бір рет паш етті", - деп түйіндеді ол.
Айта кетері, 6 қаңтарда Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Жиында еліміздің тұрақтылығын шайқалтпақ болған террористік және қылмыстық әрекеттермен күрес мәселелері талқыланды. 
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді - видео 
Жаңалықтар
0