https://sputnik.kz/20220109/Ekstremister-shabuyl-zhasau-19098958.html
Экстремистер әскери бөлімдерге шабуыл жасауға тырысты
Экстремистер әскери бөлімдерге шабуыл жасауға тырысты
Sputnik Қазақстан
Бүлікшілерге қарулы тойтарыс беріліп, олар әскери нысандарға кіре алмады 09.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-09T16:52+0500
2022-01-09T16:52+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
әскерилер
шабуыл
терроризм
https://sputnik.kz/img/07e6/01/09/19098839_0:0:1275:720_1920x0_80_0_0_29ea2d46d860dcb7336c2f840dcdfac7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерін, қару-жарақ пен оқ-дәрі қоймаларын күзету күшейтілді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.Әскери қару-жарақтың қылмыскерлердің қолына түсуіне жол берілмеді. Сондай-ақ әскери әуеайлақтарды, әуежайларды, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерін күзету күшейтілді.Қарулы Күштердің әскери қызметшілері әкімшілік пен қаланың орталық алаңдарын қоршауға алуға жұмылдырылды. Әскери қызметшілердің көпшілігі дәл осы қақтығыстарда зардап шекті. Өйткені бейберекет әрекет еткен адамдар тобы суық және атыс қаруларын, тастарды қолдана отырып жолындағының бәрін қиратқан.Елдің бірқатар аймағында экстремистер әскери бөлімдерге шабуыл жасауға тырысты. Алайда, бүлікшілерге қарулы тойтарыс беріліп, олар әскери нысандарға кіре алмады.Қазіргі уақытта барлық елді мекендерде Қарулы Күштердің әскери қызметшілері полиция және Ұлттық ұлан қызметкерлерімен бірлесіп тосқауыл бекеттерінде қызмет өткеріп, бақылап-өткізуді жүзеге асырып, сондай-ақ маңызды объектілерді күзетеді.Қарулы Күштердің әскери қызметшілері терроризмге қарсы операция жүргізіліп жатқан Алматы өңірінде ерекше жауапты және қауіпті жауынгерлік міндеттерді орындауда. Арнайы жауынгерлік іс-қимылдарға офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер тартылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/09/19098839_39:0:1185:720_1920x0_80_0_0_02bf1cbd5d7d892d85415ee80b8c65d5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскерилер, шабуыл, терроризм
әскерилер, шабуыл, терроризм
Экстремистер әскери бөлімдерге шабуыл жасауға тырысты
16:52 09.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Бүлікшілерге қарулы тойтарыс беріліп, олар әскери нысандарға кіре алмады
НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерін, қару-жарақ пен оқ-дәрі қоймаларын күзету күшейтілді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Әскери қару-жарақтың қылмыскерлердің қолына түсуіне жол берілмеді. Сондай-ақ әскери әуеайлақтарды, әуежайларды, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерін күзету күшейтілді.
Қарулы Күштердің әскери қызметшілері әкімшілік пен қаланың орталық алаңдарын қоршауға алуға жұмылдырылды. Әскери қызметшілердің көпшілігі дәл осы қақтығыстарда зардап шекті. Өйткені бейберекет әрекет еткен адамдар тобы суық және атыс қаруларын, тастарды қолдана отырып жолындағының бәрін қиратқан.
Елдің бірқатар аймағында экстремистер әскери бөлімдерге шабуыл жасауға тырысты. Алайда, бүлікшілерге қарулы тойтарыс беріліп, олар әскери нысандарға кіре алмады.
Қазіргі уақытта барлық елді мекендерде Қарулы Күштердің әскери қызметшілері полиция және Ұлттық ұлан қызметкерлерімен бірлесіп тосқауыл бекеттерінде қызмет өткеріп, бақылап-өткізуді жүзеге асырып, сондай-ақ маңызды объектілерді күзетеді.
Қарулы Күштердің әскери қызметшілері терроризмге қарсы операция жүргізіліп жатқан Алматы өңірінде ерекше жауапты және қауіпті жауынгерлік міндеттерді орындауда. Арнайы жауынгерлік іс-қимылдарға офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер тартылды.