Оқиға

Алматыда бір түнде террористік шабуылға қатысқан 100-ге жуық адам ұсталды

© REUTERS / STRINGERАкимат Алматы в оцеплении военных
Акимат Алматы в оцеплении военных - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2022
Жазылу
Полиция қаладағы ғимараттарға жасырынған лаңкестердің бар-жоғын тексеріп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Алматы полициясы жасырынып жатқан лаңкестердің бар-жоғын анықтау үшін ғимараттарды тексеріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Өткен түнде Алматыда террористік шабуылға және тонауға қатысқан 100-ге жуық адам ұсталды. 118 қару мен мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.
Лаңкестер сойқан салған орындар қазірдің өзінде тазартылған. Алматыда үш полицей қаза тауып, 160 адам жараланды.
Республика алаңында қазір тыныштық орнады, атыс тоқтады. Полиция қаладағы ғимараттарға жасырынған лаңкестердің бар-жоғын тексеріп жатыр.
Өткен тәулікте құтқару қызметіне 1300-ден астам қоңырау түсіп, оның тең жартысы шұғыл әрекет етуді талап етті.
Қазір қаладағы жағдай салыстырмалы түрде тұрақтанды.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы терроризмге қарсы операция жаңа деңгейге өтті 
Жаңалықтар
0