Өңірлер

Алматыда полиция департаментіне жасалған шабуыл жоспарланған операция – штаб

© AP Photo / Vasily KrestyaninovДемонстранты собираются перед полицией во время акции протеста в Алматы, Казахстан, в среду, 5 января 2022 г.
Демонстранты собираются перед полицией во время акции протеста в Алматы, Казахстан, в среду, 5 января 2022 г. - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2022
Жазылу
Сондай-ақ шабуылшылардың арнайы дайындығы мен құрал жабдықтары болған
НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Алматыдағы полиция департаментіне жасалған шабуыл жоспарланған операция екені анықталды.
Оның 6 қаңтарға қараған түні жоспарланғаны белгілі болды.
Бұл туралы қалалық терроризмге қарсы жедел штабы мәлімдеді. Сондай-ақ шабуылшылардың арнайы дайындығы мен құрал жабдықтары болған.
Қазіргі уақытта президенттің резиденциясы, әкімдік, Республика алаңы, Думан шағын ауданы қорғауға алынды. Бұдан бөлек, Car City сауда үйіне іргелес орналасқан тұрғын-үй мен Алматының Әуезов және Наурызбай аудандары күзетіліп тұр.
Террорлық шерулерге, жаппай тәртіпсіздіктің орын алуына, қарақшылыққа, тонауға және басқа да қылмыстарға қатысы бар 852 адам ұсталды. 18 атыс қаруы мен 1,4 мыңға жуық оқ-дәрі тәркіленді.
Ұсталғандардың арасында полиция департаментіне шабуыл жасаған азаматтар да бар.
Жаңалықтар
0