Білім

Төтенше жағдайға байланысты ҰБТ-ға өтініш қабылдау мерзімі өзгерді

© Sputnik / Абзал КалиевСтарт ЕНТ 2019
Старт ЕНТ 2019 - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2022
Жазылу
Осындай күрделі жағдайда жүзеге асырылып жатқан шараларды қолдап, президентімізді қолдауымыз қерек, деп атап өтті Аймағамбетов
НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Білім және ғылым министрі қызметін атқарушы Асхат Аймағамбетов елде енгізілген төтенше жағдайға байлынысты ҰБТ, магистратура мен аспирантураға құжаттарды қабылдау мерзіміне қатысты орын алған өзгерістерді хабарлады.
  • Қаңтарда өткізілетін ҰБТ өтініштерді қабылдау 21 қаңтарға дейін жүргізіледі. Бұның алдында өтініштерді қабылдау 24 желтоқсан және 5 қаңтар аралығында жоспарланған болатын.
  • 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында жоспарланған ҰБТ өткізу уақыты да өзгертіліп, 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында өткізілетін болады. Бүгінгі кезде 100 мыңға жуық үміткерлер өз құжаттарын тапсырды.
  • Министрлік магистратура мен докторантураға құжаттарды тапсыру және қабылдау мерзімін 24 қаңтарға дейін ұзартуды шешті. Айта кетейін, екінші қабылдау науқаны кезінде мыңнан аса қазақстандық грант иегері атанды.
Осындай күрделі жағдайда жүзеге асырылып жатқан шараларды қолдап, президентімізді қолдауымыз қерек, деп атап өтті ол.
Жаңалықтар
0