https://sputnik.kz/20220108/Toqaev-Qazaqstandagy-zhagday-19091248.html
Тоқаев желіде елдегі тәртіпсіздіктер туралы жазды
Тоқаев желіде елдегі тәртіпсіздіктер туралы жазды
Sputnik Қазақстан
Президент наразылықтар зорлық-зомбылықты күшейтіп, жаппай тәртіпсіздіктерге ұрындырғанын атап өтті 08.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-08T00:31+0500
2022-01-08T00:31+0500
2022-05-23T15:52+0500
қаңтар оқиғасы
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/01/07/19084872_0:0:3367:1895_1920x0_80_0_0_be1781b11040085297505041752736d0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де ағылшын тілінде Қазақстандағы жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."2022 жылдың 2 қаңтарында үкіметке Батыс Қазақстандағы наразылық акциясына қатысушылардың өтінішіне жедел түрде ден қоюды және сұйытылған көмірсутекті газдың бағасын реттеу бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруды тапсырдым. Өкінішке қарай, Қазақстанның бірқатар облысы мен Алматыда наразылықтар зорлық-зомбылықтың ұлғаюына әкелді. Сондықтан мен үкіметті отставкаға жіберу туралы шешім қабылдадым және коменданттық сағат енгіздім", - деп жазды Тоқаев.Президент қанша күш салынса да, наразылықтар бүкіл ел бойынша зорлық-зомбылықты одан әрі күшейтіп, жаппай тәртіпсіздіктерге ұрындырғанын атап өтті. Үкімет ғимараттарына, әкімшілік мекемелер мен әскери базаларға шабуыл жасалды. Алматы әуежайын, жергілікті және шетел ұшақтарын басып алды."Жағдайды талдау нәтижесінде Қазақстан жақсы дайындалған және үйлестірілген орындаушылармен және елден тыс жерде дайындалған террористік топтармен бетпе-бет келгенін көрсетті", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.Оқи отырыңыз: Маңғыстау коменданты жолдарды жауып жатқандарға ескерту жасады
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/07/19084872_257:0:2986:2047_1920x0_80_0_0_37b3e1a38ad4baf8c64ad2c43e1b1045.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев желіде елдегі тәртіпсіздіктер туралы жазды
00:31 08.01.2022 (жаңартылды: 15:52 23.05.2022) Президент наразылықтар зорлық-зомбылықты күшейтіп, жаппай тәртіпсіздіктерге ұрындырғанын атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де ағылшын тілінде Қазақстандағы жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "2022 жылдың 2 қаңтарында үкіметке Батыс Қазақстандағы наразылық акциясына қатысушылардың өтінішіне жедел түрде ден қоюды және сұйытылған көмірсутекті газдың бағасын реттеу бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруды тапсырдым. Өкінішке қарай, Қазақстанның бірқатар облысы мен Алматыда наразылықтар зорлық-зомбылықтың ұлғаюына әкелді. Сондықтан мен үкіметті отставкаға жіберу туралы шешім қабылдадым және коменданттық сағат енгіздім", - деп
жазды Тоқаев.
Президент қанша күш салынса да, наразылықтар бүкіл ел бойынша зорлық-зомбылықты одан әрі күшейтіп, жаппай тәртіпсіздіктерге ұрындырғанын атап өтті. Үкімет ғимараттарына, әкімшілік мекемелер мен әскери базаларға шабуыл жасалды. Алматы әуежайын, жергілікті және шетел ұшақтарын басып алды.
"Жағдайды талдау нәтижесінде Қазақстан жақсы дайындалған және үйлестірілген орындаушылармен және елден тыс жерде дайындалған террористік топтармен бетпе-бет келгенін көрсетті", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.