Өңірлер

Таразда 6 лаңкестің көзі жойылды

© Sputnik / Владислав ВодневАнтитеррористические учения в Нур-Султане
Антитеррористические учения в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2022
Жазылу
Қарапайым халық арасында зардап шеккендер жоқ. Түнде наразылық білдірушілер алаңға жиналмады
НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Таразда арнайы операция кезінде 6 лаңкестің көзі жойылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әкімдік мәліметінше, тәртіпсіздік кезінде 7 полиция қызметкері жараланды.
Қарапайым халық арасында зардап шеккендер жоқ. Түнде наразылық білдірушілер алаңға жиналмады. 
Таразда интернет байланысы әлі қалпына келтірілген жоқ. 
5 қаңтардан 6 қаңтарға қараған түні Тараздағы тәртіпсіздік кезінде 3 полиция ғимараты мен 50-ге жық көлік өртенген
6 қаңтарда Таразда Nur Otan партиясы филиалының ғимараты толығымен жанып кетті. Орталық алаңдағы Nur Otan партиясы филиалының үш қабатты ғимараты толығымен жанып кеткен. Жанындағы басқа әкімшілік ғимараттар сау. Ал әрірек орналасқан жеті қабатты облыстық әкімдіктің сол жақ бөлігі өртенген.
Жаңалықтар
0