Өңірлер

Маңғыстау облысында жағдай тұрақты

© Sputnik / Камшат АбдирайымКоммунальные службы Актау 7 января продолжают работать в штатном режиме
Коммунальные службы Актау 7 января продолжают работать в штатном режиме  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2022
Жазылу
Өңір коменданты Жанарбек Бақтыбаевтың айтуынша, көшелерде қаруланған патрульдік жасақтар жүреді
НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысында блок-бекеттер қойылып жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Аймақта түнгі 11 мен таңғы жетіге дейін коменданттық сағат енгізілді. Елді мекендер арасында және облыстан шығатын жолдарда бақылау-өткізу бекеті ұйымдастырылды.
Өңір коменданты Жанарбек Бақтыбаевтың айтуынша, көшелерде қаруланған патрульдік жасақтар жүреді. Төтенше жағдай режиміне сәйкес, ел президентінің тікелей бұйрығымен заңда қарастырылған жағдайларда қару қолдануға рұқсат етіледі.
"Бүгінгі күні біздің облыста жағдай тұрақты. Объектілер мен қалалық қызметтер штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - деді Маңғыстау облысының коменданты Жанарбек Бақтыбаев.
Жаңалықтар
0