https://sputnik.kz/20220107/totenshe-jagday-rejim-19088585.html
Төтенше жағдай режимі біртіндеп алынады – президент
Төтенше жағдай режимі біртіндеп алынады – президент
Sputnik Қазақстан
Тоқаев Қазақстан әлем картасындағы егемен ел ретінде қуатты мемлекетке айналатынына, ел экономикасы анағұрлым қарқынды дамып, халықтың әлеуметтік жағдайы... 07.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-07T14:41+0500
2022-01-07T14:41+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
төтенше жағдай
президент
терроризмге қарсы арнайы операция
https://sputnik.kz/img/07e6/01/07/19087813_0:0:2983:1686_1920x0_80_0_0_dc98697c262cb2b1e6abdf4064228bdb.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Жағдай тұрақталған өңірлерде төтенше жағдай режимі біртіндеп алынады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардан жариялаған үндеуінде мәлімдеді.Тоқаев Қазақстан әлем картасындағы егемен ел ретінде қуатты мемлекетке айналатынына, ел экономикасы анағұрлым қарқынды дамып, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсара түсетініне сендірді."Мен мұны зор сеніммен айтып тұрмын. Өйткені, оған қол жеткізу үшін қажетті реформалар мен нақты іс-шаралар жоспарын ұсынамын", - деді Тоқаев сөз соңында.Президент үндеуіБүгін, 7 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. Ол құқық қорғаушылар мен армияға террористерге ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін мәлімдеді. Президент шетелде мәселені бейбіт шешу үшін келіссөз жүргізу жайлы айтылып жатқан үндеуді ақымақтық деп атады.Бір ғана Алматы қаласына 20 мың содыр шабуыл жасаған. Оларды дайындаумен және басқарумен біртұтас командалық пункт айналысқанға ұқсайды. Бұл мәселемен ҰҚК мен Бас прокуратура айналысып жатыр, деді президент.Жағдайдың тұрақталғанына қарай еліміздің кейбір өңірлерінде интернет байланысы белгілі бір уақыттарда қосылады. Интернетке еркіндік берілгенімен ойына келгенді жазуға, жалған ақпарат таратуға, біреуге тіл тигізуге, арандатушылыққа жол берілмейтіні ескертілді. Ондай материалдар шықса, авторларын тауып жауапкершілікке тарту шаралары қабылданады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/07/19087813_0:0:2683:1686_1920x0_80_0_0_c13a26c00d9c6b1b6f48fd169be25669.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
төтенше жағдай, президент, терроризмге қарсы арнайы операция
төтенше жағдай, президент, терроризмге қарсы арнайы операция
Төтенше жағдай режимі біртіндеп алынады – президент
14:41 07.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Тоқаев Қазақстан әлем картасындағы егемен ел ретінде қуатты мемлекетке айналатынына, ел экономикасы анағұрлым қарқынды дамып, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсара түсетініне сендірді
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Жағдай тұрақталған өңірлерде төтенше жағдай режимі біртіндеп алынады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардан жариялаған үндеуінде мәлімдеді.
"Бейбіт шеруде қойылған талаптардың бәрін ескереміз. Диалогтың нәтижесінде компромиске келіп, өткір әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша шешімдер қабылданды. Сондықтан жағдай тұрақталған өңірлерде біртіндеп төтенше жағдай режимін аламыз", - деді президент.
Тоқаев Қазақстан әлем картасындағы егемен ел ретінде қуатты мемлекетке айналатынына, ел экономикасы анағұрлым қарқынды дамып, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсара түсетініне сендірді.
"Мен мұны зор сеніммен айтып тұрмын. Өйткені, оған қол жеткізу үшін қажетті реформалар мен нақты іс-шаралар жоспарын ұсынамын", - деді Тоқаев сөз соңында.
Бүгін, 7 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. Ол құқық қорғаушылар мен армияға террористерге ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін мәлімдеді. Президент шетелде мәселені бейбіт шешу үшін келіссөз жүргізу жайлы айтылып жатқан үндеуді ақымақтық деп атады.
Бір ғана Алматы қаласына 20 мың содыр шабуыл жасаған. Оларды дайындаумен және басқарумен біртұтас командалық пункт айналысқанға ұқсайды. Бұл мәселемен ҰҚК мен Бас прокуратура айналысып жатыр, деді президент.
Жағдайдың тұрақталғанына қарай еліміздің кейбір өңірлерінде интернет байланысы белгілі бір уақыттарда қосылады. Интернетке еркіндік берілгенімен ойына келгенді жазуға, жалған ақпарат таратуға, біреуге тіл тигізуге, арандатушылыққа жол берілмейтіні ескертілді. Ондай материалдар шықса, авторларын тауып жауапкершілікке тарту шаралары қабылданады.