Видео

Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады – толық видео

Жазылу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға қайта үндеу жасады. Ол ел біртіндеп конституциялық заңдылыққа оралатынын атап өтті
Қазақстандағы тәртіпсіздіктер мен арнайы операция басталғаннан кейін президент үшінші рет халыққа үндеу жасады. Үндеуді республикалық телеарналар көрсетті.
Президент құқық қорғаушылар мен армияға террористерге ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін мәлімдеді. Ол шетелде мәселені бейбіт шешу үшін келіссөз жүргізу жайлы айтылып жатқан үндеуді ақымақтық деп атады.
Бір ғана Алматы қаласына 20 мың содыр шабуыл жасаған. Оларды дайындаумен және басқарумен біртұтас командалық пункт айналысқанға ұқсайды. Бұл мәселемен ҰҚК мен Бас прокуратура айналысып жатыр, деді президент.
Жағдайдың тұрақталғанына қарай еліміздің кейбір өңірлерінде интернет байланысы белгілі бір уақыттарда қосылады. Интернетке еркіндік берілгенімен ойына келгенді жазуға, жалған ақпарат таратуға, біреуге тіл тигізуге, арандатушылыққа жол берілмейтіні ескертілді. Ондай материалдар шықса, авторларын тауып жауапкершілікке тарту шаралары қабылданады.
Жаңалықтар
0