https://sputnik.kz/20220107/prokuror-telefon-video-19082630.html
Арнайы прокурор ұялы телефонға түсірілген видеоны сақтап қоюды сұрады
Арнайы прокурор ұялы телефонға түсірілген видеоны сақтап қоюды сұрады
Sputnik Қазақстан
Қылмысты ашуға көмектесетін басқа да ақпарат болса, 115 нөмірі арқылы байланыс орталығына хабарласуға болады 07.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-07T00:25+0500
2022-01-07T00:25+0500
2022-05-23T15:53+0500
терроризмге қарсы арнайы операция
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/323/01/3230190_0:208:3500:2177_1920x0_80_0_0_cc9122d3ea486725776a027a77c427e8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Бас прокуратура жаппай тәртіпсіздіктер мен террористік әрекеттерге қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Хабар 24 арнасы.Қазіргі кезде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу және ұйымдастыру, сондай-ақ терроризм бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.Президенттің тапсырмасына сәйкес, ведомствоаралық шұғыл тергеу тобы құрылды. Оған ішкі істер министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті және тағы басқа органдардың мамандары кіреді. Топты Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров басқарады."Қазіргі кезде қылмыс іздерін жинау және тіркеу шаралары атқарылып жатыр. Осыған байланысты халықтан бейнекамералар мен мобильді телефондардағы жазбаларды сақтап қоюды сұраймыз. Қылмысты ашуға көмектесетін басқа да ақпарат болса, 115 нөмірі арқылы байланыс орталығына хабарласуға болады", - деді Ожаров.Тергеу тобы Алматы қаласында орналасқан. Барлық дәлелді сол жаққа жіберу керек.Айта кетері, қылмыстық істер аясында 8 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған. Азаматтықтан айыруы да мүмкін.Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында терроризмге қарсы операция басталды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/323/01/3230190_160:0:3341:2386_1920x0_80_0_0_5ed97c7aef4fce92dbe3b606f7d86e09.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
терроризмге қарсы арнайы операция
терроризмге қарсы арнайы операция
Арнайы прокурор ұялы телефонға түсірілген видеоны сақтап қоюды сұрады
00:25 07.01.2022 (жаңартылды: 15:53 23.05.2022) Қылмысты ашуға көмектесетін басқа да ақпарат болса, 115 нөмірі арқылы байланыс орталығына хабарласуға болады
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Бас прокуратура жаппай тәртіпсіздіктер мен террористік әрекеттерге қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Хабар 24 арнасы.
Қазіргі кезде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу және ұйымдастыру, сондай-ақ терроризм бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Президенттің тапсырмасына сәйкес, ведомствоаралық шұғыл тергеу тобы құрылды. Оған ішкі істер министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті және тағы басқа органдардың мамандары кіреді. Топты Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров басқарады.
"Қазіргі кезде қылмыс іздерін жинау және тіркеу шаралары атқарылып жатыр. Осыған байланысты халықтан бейнекамералар мен мобильді телефондардағы жазбаларды сақтап қоюды сұраймыз. Қылмысты ашуға көмектесетін басқа да ақпарат болса, 115 нөмірі арқылы байланыс орталығына хабарласуға болады", - деді Ожаров.
Тергеу тобы Алматы қаласында орналасқан. Барлық дәлелді сол жаққа жіберу керек.
Айта кетері, қылмыстық істер аясында 8 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған. Азаматтықтан айыруы да мүмкін.