Экономика

Қазақстанда азық-түлік қоры жеткілікті – министрлік

© REUTERS / AJENG DINAR ULFIANAСотрудница магазина в маске расставляет продукты на полки
Сотрудница магазина в маске расставляет продукты на полки - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2022
Жазылу
Өңірлердің басым бөлігінде сауда саласындағы жағдай тұрақты, сауда орындары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Елде азық-түлік тапшылығы мен бағаны заңсыз өсіруге жол берілмейді. Қазақстанның сауда министрлігі осындай мәлімдеме жасады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірлердің басым бөлігінде сауда саласындағы жағдай тұрақты, сауда орындары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
Алайда Алматы, Талдықорған, Орал, Шымкент пен Тараздың бірқатар сауда нысандарына ойрандаушылар 26,2 млдр теңгенің шығынын келтірді.
Зардап шеккен нысандар арасында 25 "Спортмастер" дүкені, 14 "Технодом", 12 "Магнум", 11 "Сулпак", 11 Kimex, 8 Mon Amie, Alser желісі мен "Интертоп", "Метро", "Вайлет", "Эврика" мен Kari дүкендері бар.
"Негізгі азық-түлік қоры жеткілікті. Азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасалып жатыр. Ел азаматтарынан азық-түлік тапшылығына қатысты алаңдамауды сұраймыз. Сондай-ақ азық-түлік бағасының негізсіз өсірілуіне жол берілмейді", - делінген хабарламада.
Сауда саласына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда қазақстандықтар тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне хабарласа алады.
Тел: 749832, 749836 және 751632.
Сонымен қатар Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығы үндеу жасап, елдегі жағдайды пайдаланып, алыпсатарлыққа жол бермеуді сұрады. 
"Сауда кәсіпорындарының қауымдастығы азық-түлік саудасының барлық қатысушыларына жүгінеді! Қазақстанда терроризмге қарсы операция жүргізу және төтенше жағдай режимін енгізу жағдайында халықтың азық-түлік тауарларына дүрлікпе сұранысын пайдаланбауды және алыпсатарлық баға белгілеуге жол бермеуді сұраймыз", - деді олар.
Сауда кәсіпорындары қауымдастығының мүшелері қарақшылардың іс-әрекеттері нәтижесінде келтірілген елеулі залалды өтеуде мемлекеттің көмегіне үміттенеді.
 

Жаңалықтар
0