Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қаза болған әскерилер мен полицейлердің аты-жөні жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевФорма патрульных полицейских
Форма патрульных полицейских  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2022
Жазылу
Бұған дейін жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Ұлттық ұлан мен ішкі істер органдарының 748 қызметкері зардап шеккені хабарланған еді
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы бүлікшілермен қақтығыста қаза болған 7 әскери және полиция қызметкерінің аты-жөнін жариялады.
  • Тараздық полиция қызметкері капитан Сланбеков Рахат Нұрбайұлы (1988 жылы туған);
  • Алматы қаласының полиция старшинасы Қамбетов Ринат Талғатұлы (1988 жылы туған);
  • Алматы полиция бөлімінің аға сержанты Асылханов Әлен Мұхитұлы (1993 жылы туған);
  • Прапорщик Ержанов Ербол Тілеубекұлы (1976 жылы туған);
  • Қатардағы жауынгер Қайсаров Мадияр Оразалыұлы (2002 жылы туған);
  • Қатардағы жауынгер Аманов Айбат Ерболұлы (2003 жылы туған);
  • Жамбыл облыстық полициясының кіші сержанты Алмасов Нұрболсын Ғаниұлы (1994 жылы туған).
Айта кетері, бұған дейін жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күш құрылымдарының 18 қызметкері қаза тауып, Ұлттық ұлан мен ішкі істер органдарының 748 қызметкері зардап шеккені хабарланған еді. 
Жаңалықтар
0