Қоғам

Тоқаев: тыныштықты қамтамасыз ету үшін ынтымақ танытуымыз керек

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2022
Жазылу
Халқымыздың бірлігін сақтай отырып, қиындықтар мен сынақтарды еңсереміз деп сенемін, деді президент
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.
"Өкінішке қарай, азаматтар еліміздегі күрделі ахуалға және төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты осы мейрамды қалыптасқан дәстүрге сәйкес атап өте алмайды. Бірақ, олар жақындарымен бірге отбасында отырса да, бұл мерекенің рухани-адамгершілік құндылықтарды, гуманизм және қайырымдылық идеяларын дәріптеп, халықтың болашаққа сенімін нығайта түсетінін ұмытпауы керек", - деді президент.
Мемлекет басшысы православ христиандары біздің қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтауға, өзара түсіністік пен татулықты орнықтыруға әрдайым зор үлес қосып келетінін атап өтті.
"Қазір біз еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ерекше жанашырлық пен ынтымақ танытуымыз керек. Бәріміз бірлесіп ең басты игілігіміз – халқымыздың бірлігін сақтай отырып, қиындықтар мен сынақтарды еңсереміз деп сенемін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жаңалықтар
0