Қоғам

Президент Алматыға 20 мың содыр шабуыл жасағанын айтты

© REUTERS / PAVEL MIKHEYEVМужчина проходит мимо машины, сгоревшей во время акций протеста в Алматы.
Мужчина проходит мимо машины, сгоревшей во время акций протеста в Алматы. - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2022
Жазылу
Оларды дайындаумен және басқарумен біртұтас командалық пункт айналысқанға ұқсайды
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Бір ғана Алматы қаласына 20 мың содыр шабуыл жасаған. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардан жариялаған үндеуінде мәлімдеді.
"Содырлардың терракт жасау туралы жымысқы жоспары мен жасырын дайындығын мемлекет қалайша білмей қалғанын анықтап, түсіну аса маңызды. Тек Алматының өзіне 20 мың содыр шабуыл жасады", - деді Тоқаев.
Айтуынша, барлық облыста әскери, әкімшілік және әлеуметтік нысандарға ұйымдасқан түрде, жоғары жауынгерлік дайындықпен және асқан қатігездікпен шабуыл жасау әрекеті олардың нақты жоспарының болғанын көрсетті.
Содырлардан бөлек, идеологиялық диверсия жасауға әбден жаттыққан, жалған ақпараттар мен "фейктер" таратуды шебер меңгерген және адамдардың көңіл-күйіне ықпал ете алатын мамандар жұмыс істеген.
Оларды дайындаумен және басқарумен біртұтас командалық пункт айналысқанға ұқсайды. Бұл мәселемен ҰҚК мен Бас прокуратура айналысып жатыр, деді президент.
Жаңалықтар
0