Кредитті төлеу мерзімін кейінге шегеру ұсынылды
21:46 07.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022)
© Photo : pixabay/ds_30Бухгалтерский отчет, иллюстративное фото
© Photo : pixabay/ds_30
Жазылу
Жаппай тәртіпсіздік кезінде бизнеске шамамен 40 миллиард теңге залал келді
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Төтенше жағдай кезеңінде жеке және заңды тұлғалардың банк алдындағы төлемдері мен кредиттерін төлеуді кейінге қалдыру ұсынылып отыр. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі мәлімдеді, деп хабарлады Хабар 24 арнасы.
"Төтенше жағдайдың енгізілуі салдарынан зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың қарыздарын төлеуді кейінге шегеру туралы ұсыныс жасалады. Банктер еліміздегі жағдайдың тұрақталуына байланысты жұмысын жандандырады", - деді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өңірлік өкілдерінің бас маманы Мәди Сарбупин.
Айта кетері, алдын ала есепке сәйкес, жаппай тәртіпсіздік кезінде бизнеске 40 миллиард теңгені жуық залал келді. Зардап шеккен бизнес субъектілері туралы ақпарат жинау жалғасып жатыр. Негізінен сауда, қоғамдық тамақтану, көлік, қызмет көрсету, сондай-ақ қаржы секторының (әсіресе банкоматтар) субъектілеріне зиян келтірілген. Ғимараттардың қасбеті, кіреберісі, үй-жайлар бүлінген. Қымбат жабдықтар, техника, интерьер заттары, тауарлық-материалдық қор және басқа заттар ұрланған.