Қоғам

Halyk Bank пен Kaspi.kz қосымшалары интернетсіз жұмыс істей бастады

© Sputnik / Абзал КалиевКарточка Kaspi bank и смартфон, иллюстративное фото
Карточка Kaspi bank и смартфон, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2022
Жазылу
Қазіргі уақытта өзге банктердің мобильдік қосымшасын іске қосу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Елдегі екі банктің мобильдік қосымшасының жұмысы қалпына келтірілді.
Halyk Bank пен Kaspi.kz қосымшалары интернетсіз де жұмыс істейтін болады. Қызмет Алматы қаласы үшін де қолжетімді.
"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық банк пен цифрлық даму, инновация мен аэроғарыш өндірісі министрлігі екі ірі банктің мобильдік қосымшасын іске қосу бойынша жұмыс жүргізді", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Тұрғындар осы екі банктің мобильдік қосымшасы арқылы бұрыңғыдай төлем мен аударым жасау операцияларын жүргізе алады.
Қазіргі уақытта өзге банктердің мобильдік қосымшасын іске қосу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0