https://sputnik.kz/20220107/Gaz-kompaniya-tergeu-19082986.html
Газ бағасын шарықтатқан алты ірі компания тергеуге алынды
Газ бағасын шарықтатқан алты ірі компания тергеуге алынды
Sputnik Қазақстан
Тергеудің алдын ала қорытындысы 20 күннен кейін белгілі болады 07.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-07T02:01+0500
2022-01-07T02:01+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543825_0:158:3077:1889_1920x0_80_0_0_7ab5e340b5abd813d039ed77bec4b807.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда газ сататын алты ірі компанияға қатысты тергеу басталды, деп хабарлады Хабар 24 арнасы.Барлығы электронды сауда кезінде бағаны шамадан тыс көтеріп жібергені үшін айыпталып отыр. Қазіргі кезде "ҚазМұнайГаз", "CNPC-Ақтөбемұнайгаз", "Қазгермұнайгаз", "Қазақойл Ақтөбе" сынды компанияларға қатысты тергеу шаралары басталды. Тергеудің алдын ала қорытындысы 20 күннен кейін белгілі болады.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша республикада сұйытылған газдың шекті бағасы бекітілді. Енді көгілдір отын 50-70 теңге аралығында сатылады. Осы баға алты ай бойы сақталады. Сол кезде бағаны негізсіз өсіру әрекеті анықталса, ірі көлемде айыппұл салынады.Айта кетері, Қазақстанның батысында газ бағасы күрт өсіп кеткеннен кейін наразылық акциялары басталды. Осыдан кейін үкіметтің арнайы тобы Маңғыстау облысына барып, сұйытылған газдың бағасын литріне 50 теңгеге дейін төмендетуге шешім қабылдады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543825_237:0:2966:2047_1920x0_80_0_0_056dc4306cb7527388710f71164efb9d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Газ бағасын шарықтатқан алты ірі компания тергеуге алынды
02:01 07.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Тергеудің алдын ала қорытындысы 20 күннен кейін белгілі болады
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда газ сататын алты ірі компанияға қатысты тергеу басталды, деп хабарлады Хабар 24 арнасы.
Барлығы электронды сауда кезінде бағаны шамадан тыс көтеріп жібергені үшін айыпталып отыр. Қазіргі кезде "ҚазМұнайГаз", "CNPC-Ақтөбемұнайгаз", "Қазгермұнайгаз", "Қазақойл Ақтөбе" сынды компанияларға қатысты тергеу шаралары басталды. Тергеудің алдын ала қорытындысы 20 күннен кейін белгілі болады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша республикада сұйытылған газдың шекті бағасы бекітілді. Енді көгілдір отын 50-70 теңге аралығында сатылады. Осы баға алты ай бойы сақталады. Сол кезде бағаны негізсіз өсіру әрекеті анықталса, ірі көлемде айыппұл салынады.
Айта кетері, Қазақстанның батысында газ бағасы күрт өсіп кеткеннен кейін наразылық акциялары басталды. Осыдан кейін үкіметтің арнайы тобы Маңғыстау облысына барып, сұйытылған газдың бағасын литріне 50 теңгеге дейін төмендетуге шешім қабылдады.