Өңірлер

Экстремистер "Мир" теларнасының ғимаратын басып алды: зардап шеккендер бар

© REUTERS / PAVEL MIKHEYEVЗдание акимата, которое было подожжено во время акций протеста в Алматы
Здание акимата, которое было подожжено во время акций протеста в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2022
Жазылу
Куәгерлердің айтуынша, мерт болғандардың денесі далада жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Алматыда экстремистер "Мир" телеарнасының ғимаратын басып алды, деп хабарлады "Хабар 24".
"Әріптестеріміз қалада түнімен оқ атылғанын айтты. Мылтықтың дауысы әлі де оқтын-оқтын естіледі. Сонымен қатар Республика алаңында экстремистердің бір тобы "Мир" телеарнасының ғимаратына басып кірді. Қаза тапқан адамдардың мәйіті далада жатыр", - деп тілші эфирде.
Қалада екінші тәулік арнайы операция жүргізіліп жатыр. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қалалық, аудандық және облыстық әкімдіктер ғимараты бұзақылардан босатылып, бақылауға алынды.
Ел бойынша 3 мың адам ұсталды. 26 қаруланған адамның көзі жойылып, 18-і жарақат алды.
Жаңалықтар
0