https://sputnik.kz/20220107/Abaev-Almaty-basyp-alu-19087381.html
Абаев бүлікшілердің Алматыны қалай басып алмақ болғанын айтты
Абаев бүлікшілердің Алматыны қалай басып алмақ болғанын айтты
Sputnik Қазақстан
Қала бойынша қозғалыс ойластырылған бағыт бойынша жүргізіліп жатты. Олардың өз байланыс құралы болды 07.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-07T12:45+0500
2022-01-07T12:45+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
дәурен абаев
алматы
тәртіпсіздік
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19077326_0:77:3072:1805_1920x0_80_0_0_e2ba5fc864527ee620192d58cdead6f1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Алматыда тәртіпсіздік кезінде террорист жауынгерлер қару-жарақ дүкендеріне шабуылдап, полицейлердің қаруын тартып алды. Бұл туралы президент әкімшілігі басшысының орынбасары Дәурен Абаев айтты.Оның сөзінше, олардың шабуылы мен әрекетінен кәсібилік байқалады. Бүлікшілер алдымен Алматыдағы ғимараттарды бұзып, телеарналарға басып кірді.Террористер жедел түрде әуежай мен бірнеше ұшақты басып алды. Көшелерге қоршау қойып, блок-бекеттер орнатты.Сонымен қатар бүлікшілер бірнеше мәрте орталық телевидениенің тікелей эфиріне шығуға ұмтылған. Шекара әскерінің күшімен екі рет Көктөбе телемұнарасына жасалған шабуылға тойтарыс берілді.Оның сөзінше, әр басып алынған әкімдіктің ғимаратында бүлікшілер кезекшілік орнатып, кіріп-шығатын жолдарды бақылауға алды. Қала бойынша қозғалыс ойластырылған бағыт бойынша жүргізіліп жатты. Олардың өз байланыс құралы болды."Олар сырттағы бақылау камераларын, байланыс құралдарын бұзды. Басты нысаны құқық қорғау органдары болғанға ұқсайды",- деді ол.Полиция департаментіне шабуыл жасалды. Бір курсанттың басын кесіп алу фактісі тіркелді. Құқық қорғау органы тарапынан 18 адам қаза тапты. Жүздеген қызметкер жарақат алды."Қазір көптеген бүлікшілер ұсталып, олардың жеке басы анықталып жатыр", - деді Абаев.Оқи отырыңыз:
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19077326_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_f916903598e03b18fbb29326d719515c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәурен абаев, алматы, тәртіпсіздік
дәурен абаев, алматы, тәртіпсіздік
Абаев бүлікшілердің Алматыны қалай басып алмақ болғанын айтты
12:45 07.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қала бойынша қозғалыс ойластырылған бағыт бойынша жүргізіліп жатты. Олардың өз байланыс құралы болды
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Алматыда тәртіпсіздік кезінде террорист жауынгерлер қару-жарақ дүкендеріне шабуылдап, полицейлердің қаруын тартып алды. Бұл туралы президент әкімшілігі басшысының орынбасары Дәурен Абаев айтты.
Оның сөзінше, олардың шабуылы мен әрекетінен кәсібилік байқалады. Бүлікшілер алдымен Алматыдағы ғимараттарды бұзып, телеарналарға басып кірді.
Террористер жедел түрде әуежай мен бірнеше ұшақты басып алды. Көшелерге қоршау қойып, блок-бекеттер орнатты.
"Террористер арасында арнайы винтовкамен қаруланған снайперлер де жұмыс істеді", - деді Абаев "Хабар 24" телеарнасының эфирінде.
Сонымен қатар бүлікшілер бірнеше мәрте орталық телевидениенің тікелей эфиріне шығуға ұмтылған. Шекара әскерінің күшімен екі рет Көктөбе телемұнарасына жасалған шабуылға тойтарыс берілді.
Оның сөзінше, әр басып алынған әкімдіктің ғимаратында бүлікшілер кезекшілік орнатып, кіріп-шығатын жолдарды бақылауға алды. Қала бойынша қозғалыс ойластырылған бағыт бойынша жүргізіліп жатты. Олардың өз байланыс құралы болды.
"Олар сырттағы бақылау камераларын, байланыс құралдарын бұзды. Басты нысаны құқық қорғау органдары болғанға ұқсайды",- деді ол.
Полиция департаментіне шабуыл жасалды. Бір курсанттың басын кесіп алу фактісі тіркелді. Құқық қорғау органы тарапынан 18 адам қаза тапты. Жүздеген қызметкер жарақат алды.
"Қазір көптеген бүлікшілер ұсталып, олардың жеке басы анықталып жатыр", - деді Абаев.