Саясат

Халықтың барлық өкілінің құқығы қорғалады – сыртқы істер министрлігі

© Sputnik / Тимур БатыршинПриспущенный государственный флаг Казахстана в день национального траура
Приспущенный государственный флаг Казахстана в день национального траура - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Билік Қазақстан азаматтарын, елдегі шетелдіктер, журналистер мен бизнесті де қорғауға уәде беріп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар - Sputnik. Халықтың барлық өкілінің құқығы қорғалады. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасады. Төменде үндеу мәтіні берілген.
"2022 жылдың 5 қаңтарында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен республиканың барлық аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді. Бастапқыда митингілер Маңғыстау облысында басталып, тұрғындар сұйытылған газдың бөлшек сауда бағасын төмендетуді талап етті. Осыған орай мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет осы шараны жедел қабылдап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, жанар-жағармай және коммуналдық қызметтер бағасын көтеруге мораторий енгізді. Наразылық акциясының алғашқы күндерінде ұсталғандардың барлығы босатылды.
Алайда, басқа ірі қалалардағы наразылықтар тәртіпсіздіктер мен мемлекеттік органдарға шабуылдарға ұласты.
Оның үстіне Алматыдағы оқиғалар – әкімшілік және әскери нысандарға шабуылдар, әуежайды басып алу және шетелдік жолаушылар мен жүк ұшақтарының ұсталуы шабуыл жасаушылардың іс-әрекеттерінің жоғары деңгейде дайындалғанын айғақтайды. Талдау көрсеткендей, Қазақстан шетелде дайындықтан өткен лаңкестік топтардың қарулы басып кіруіне тап болды.
Жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы қызметіне кірісіп, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттерге әскери іс-қимылдарды жүргізуге әскери көмек көрсетуді сұрап үндеу жолдады.
Жарияланған төтенше жағдай қоғамдық қауіпсіздікті және заңдылықты сақтауға бағытталған шаралар кешенін қамтиды. Құқық қорғау органдары мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері кез келген заңсыз әрекеттердің жолын кесуге уәкілетті.
Бұл ретте мемлекет көпұлтты және көпконфессиялы халқымыздың барлық өкілдерінің құқығы мен мүддесін, сондай-ақ елдегі шетелдік азаматтардың, оның ішінде дипломатиялық корпус пен журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастырады. Шетелдік инвестициялар мен шетелдік компаниялардың бизнесі қорғалады.
Қазақстан Республикасы адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерді сақтауға және президенті Қасым-Жомарт Тоқаев іске асырған "Тыңдайтын мемлекет" тұжырымдамасы аясында реформалар курсын жалғастырады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың барлық өзекті мәселелері бойынша халықаралық серіктестермен тұрақты байланыста болады".
Жаңалықтар
0