Қоғам

Төтенше жағдайға байланысты мешіттерде діни рәсімдер тоқтатылды

© Sputnik / Владислав ВодневЕлорданың қысқы көрінісі
Елорданың қысқы көрінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
НовостиTelegram
Министрлік қазақстандықтарды Рождество мерекесі кезінде шектеулерді сақтауға шақырды
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда төтенше жағдай режиміне байланысты бұқаралық іс-шаралар, соның ішінде мешіттерде діни жоралар уақытша тоқтатылды.
Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады.
"Төтенше жағдайлар туралы" заңға сәйкес және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде бұқаралық іс-шаралардың барлығы, соның ішінде, ғибадат ғимараттарында өтетін (мешіт, шіркеу, синагога, құлшылық үйлері) діни рәсімдер мен жоралардың да уақытша тоқтатылғанын хабарлаймыз", -делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ведомство қазақстандықтарды 7 қаңтар күні аталып өтетін православ қауымының діни мейрамы – Рождество кезінде шектеулерді сақтауға және түсіністікпен қарауға шақырды.
Еске салсақ, Қазақстанның бүкіл аумағында 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай енгізілді.
Жаңалықтар
0