Экономика

Қазақстандағы жағдайға байланысты уран бағасы өсті

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуБиржа, торги, облигации
Биржа, торги, облигации  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге байланысты уран бағасы сегіз процентке қымбаттады
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қазақстандағы оқиғалардың салдарынан уранның әлемдік бағасы көтерілді, деп хабарлады есептеумен айналысатын UxC фирмасы.
Сәрсенбіде баға 8%-ке, 42 доллардан 45,25 долларға дейін қымбаттады, деп хабарлады РИА Новости.
Сонымен қатар ірі уран өндіруші "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының Лондон қор биржасындағы акциялары 11%-ке арзандады.
Қазақстан дүниежүзіндегі уранның 40 проценттен астамын өндіреді.
Уран 2021 жылдың қыркүйегінде төрттен бір есеге жуық өсті.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда барлық қаржы ұйымының қызметі уақытша тоқтатылды 
Жаңалықтар
0