https://sputnik.kz/20220106/omikron-shtamy-ministrlik-19082279.html
Қазақстанда омикрон штамы анықталды – министрлік шұғыл мәлімдеме жасады
Қазақстанда омикрон штамы анықталды – министрлік шұғыл мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Соңғы бір аптаның ішінде эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады, деді Ажар Ғиният 06.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-06T23:03+0500
2022-01-06T23:03+0500
2023-08-10T12:11+0500
қоғам
коронавирус
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/17/18727912_0:127:2433:1496_1920x0_80_0_0_f3e9e85e2357805de2384b1e551af3e0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният омикрон штамына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Былтыр желтоқан айының соңында еліміздің барлық өңірінен жинақталған 96 оң мәнді сынаманың толық геномды секвенациясы аяқталды. Қазақстан аумағында коронавирустың "омикрон" нұсқасы таралғаны расталды. Коронавирустың жаңа нұсқасы – "омикрон" Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында анықталды, генотиптеудің қорытындысы бойынша ол барлық сынаманың 8 проценттен астамын құраған", - деді Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен шұғыл брифингте.Оның айтуынша, соңғы бір аптаның ішінде эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймаққа кірсе, Алматы мен Шымкент қалалары "сары" аймақта тұр.Вице-министрдің сөзіне қарағанда, омикрон адамға тез жұғады. Негізгі белгілері тұмау ауруына ұқсайды. Олар – дене қызуы, әлсіздік пен жөтел. Балалар мен жастар арасында омикронды жұқтыру деңгейі жоғары болып тұр."Эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты денсаулық сақтау министрлігі халықты вакцина салдыруға, ал вакцина алғанына алты ай болғандарға ревакцинациядан өтуге шақырады. Вирустың таралу қаупін төмендету үшін негізгі әрі қарапайым сақтық шараларын ұмытпауымыз қажет. Егер тұмау ауруларының клиникалық түрлерімен ауырып қалсаңыз, дереу медициналық мекемелерге жүгінуді сұраймыз", - деді Ғиният.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұймының мәліметіне сәйкес, осы уақытқа дейін коронавирустың омикрон штамы әлемнің 126 мемлекетінде анықталды.Оқи отырыңыз: Ғалымдар "Омикронның" өкпені қаншалықты зақымдайтынын айтты
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/17/18727912_135:0:2298:1622_1920x0_80_0_0_918e05034abd20fa2529e848fcb77b45.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коронавирус, қазақстан
Қазақстанда омикрон штамы анықталды – министрлік шұғыл мәлімдеме жасады
23:03 06.01.2022 (жаңартылды: 12:11 10.08.2023) Соңғы бір аптаның ішінде эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады, деді Ажар Ғиният
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният омикрон штамына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Былтыр желтоқан айының соңында еліміздің барлық өңірінен жинақталған 96 оң мәнді сынаманың толық геномды секвенациясы аяқталды. Қазақстан аумағында коронавирустың "омикрон" нұсқасы таралғаны расталды. Коронавирустың жаңа нұсқасы – "омикрон" Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында анықталды, генотиптеудің қорытындысы бойынша ол барлық сынаманың 8 проценттен астамын құраған", - деді Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен шұғыл брифингте.
Оның айтуынша, соңғы бір аптаның ішінде эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймаққа кірсе, Алматы мен Шымкент қалалары "сары" аймақта тұр.
"Соңғы аптада COVID-19 инфекциясына шалдығу көрсеткіші Шымкент қаласында 4,7 есеге, Алматыда екі есеге, ал Нұр-Сұлтан қаласында 13 процентке өсті. Бір тәулікте елордада коронавирусты жұқтырған 170, Алматы қаласында 138, Шымкент қаласында 69 науқас тіркелген, яғни ел бойынша аурудың 55 проценті осы қалаларға тиесілі болып отыр", - деп атап өтті Ғиният.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, омикрон адамға тез жұғады. Негізгі белгілері тұмау ауруына ұқсайды. Олар – дене қызуы, әлсіздік пен жөтел. Балалар мен жастар арасында омикронды жұқтыру деңгейі жоғары болып тұр.
"Эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты денсаулық сақтау министрлігі халықты вакцина салдыруға, ал вакцина алғанына алты ай болғандарға ревакцинациядан өтуге шақырады. Вирустың таралу қаупін төмендету үшін негізгі әрі қарапайым сақтық шараларын ұмытпауымыз қажет. Егер тұмау ауруларының клиникалық түрлерімен ауырып қалсаңыз, дереу медициналық мекемелерге жүгінуді сұраймыз", - деді Ғиният.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұймының мәліметіне сәйкес, осы уақытқа дейін коронавирустың омикрон штамы әлемнің 126 мемлекетінде анықталды.