Оқиға

Наразылар Алматыдағы ауруханаларды қоршап алып, пациенттер мен дәрігерлерді өткізбей жатыр

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Автомобиль скорой помощи у приемного покоя
Автомобиль скорой помощи у приемного покоя - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Алматы комендатурасының ақпараты бойынша бейбіт азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Наразылар Алматыдағы кейбір ауруханаларды қоршап алды. Олар науқастар мен дәрігерлерді өткізбей жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
"Бүгін таңертең қаруланған бандиттік топтар Алматының 1 және 7-ші екі ірі көпбейінді клиникалық ауруханасын қоршап алды. Алматы комендатурасының ақпараты бойынша, террористер пациенттерді, дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді ауруханаларға жібермеген. Осылайша бейбіт азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді", - деп хабарланды телеарна эфирінен.

Алматыдағы жағдай

Қалада арнайы операция жалғасып жатыр. Оны жүзеге асыруға террористердің өздерін бейбіт тұрғын ретінде көрсетуі кедергі болып отыр. Оның ішінде әйелдер де бар, деп хабарлады телеарна.
Бұған дейін Алматыдағы митингілер тәртіпсіздікке ұласты. Қалада лаңкестікке қарсы арнайы операция басталды. Ойрандаушылар басып алған қаланың әуежайы босатылды.
"Түнде экстремистік күштер әкімшілік ғимараттарға, Алматы полиция департаментіне, сондай-ақ аудандық басқармалар мен ішкі істер бөлімдеріне басып кіруге әрекеттенді. Ондаған шабуыл жасаушы өлтірілді, олардың жеке тұлғалары анықталып жатыр", - деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ол көзі жойылған қылмыскерлердің нақты санын айтқан жоқ.
Полиция Алматы тұрғындарынан қауіпсіздік мақсатында қала орталығына бармауды сұрады.
 
Жаңалықтар
0