Оқиға

Қазақстандағы ҰҚШҰ күші әскери нысандарды күзетеді - мемлекеттік дума комитетінің төрағасы

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуВоенные учения ОДКБ "Рубеж-2021" в Кыргызстане
Военные учения ОДКБ Рубеж-2021 в Кыргызстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев террористік қауіпке байланысты ҰҚШҰ-ның ұжымдық қаупісіздік кеңесінен көмек сұрады
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар — Sputnik. Қазақстандағы ҰҚШҰ күші әскери тәртіп орнатумен айналыспайды, олар әскери инфрақұрылым мен өзге нысандарды күзетеді. Бұл туралы РИА Новостиге Ресейдің мемлекеттік думасының ТМД бойынша комитетінің төрағасы Калашников мәлімдеді.
Оның айтуынша, бандалармен жергілікті күш құрылымдары күреседі.
"Бұл -Байқоңыр, басқа құрылымдар, оларды қажет болған жағдайда бандалардан қорғау керек болады. ҰҚШҰ осы үшін керек, тек қана сыртқы емес, осы секілді факторлардан қорғау керек", - деп  түсіндірді ол. 
Калашников ҰҚШҰ күші Қазақстан билігі өтініш жасағанша елде болатынын атап өтті.
Айта кетері, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев террористік қауіпке байланысты ҰҚШҰ-ның ұжымдық қаупісіздік кеңесінен көмек сұрағанын мәлімдеді.
ҰҚШҰ-ның ұжымдық қаупісіздік кеңесі жағдайды тұрақтандыру үшін Қазақстанға бітімгерлер жіберу туралы шешім қабылдады. ҰҚШҰ контингенті Қазақстанға шектеулі мерзімге әкелінеді, деп мәлімдеді Армения премьер-министрі, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің қазіргі төрағасы Никол Пашинян.
Жаңалықтар
0