Қоғам

Қазақстанда төтенше жағдай енгізілді

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Бұған дейін төтенше жағдай режимі тек Маңғыстау мен Алматы облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында енгізілген болатын
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның барлық аймағында төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, төтенше жағдай 5 қаңтардан бастап 19 қаңтар аралығында Алматы, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Атырау, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Қостанай, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ, республикалық маңызы бар қалалар – Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкентте жарияланып отыр.
Президент төтенше жағдай кезінде уақытша шектеулер мен қажетті шараларды қолға алуды тапсырды.
Олар:
1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін;
2) Қызылорда облысында жүріп-тұру, оның ішінде көлік құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер белгіленсін;
3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеру қамтамасыз етілсін;
4) Қызылорда облысына кіру, сондай-ақ одан шығу шектелсін;
5) бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынсын;
6) ереуілдерге және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де әдістеріне тыйым салынсын;
7) қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салынсын, дәрі-дәрмектің, есірткі заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айналымына ерекше режимі белгіленсін;
8) жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұлғалардан қаруға, оқ-дәріге және улы заттарға қоса әскери және жауынгерлік оқу техникасын, жарылғыш және радиоактивті заттарды уақытша алып қою қамтамасыз етілсін.
5. Төтенше жағдай режимі кезінде қолданылатын шаралардың іске асырылуына жауапты болып Қызылорда облысының комендатурасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі белгіленсін.
6. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры осы Жарлықта белгіленген шаралар мен уақытша шектеулерді іске асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасының Үкіметі төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қажетті қаражатты бөлсін.
Жаңалықтар
0