Саясат

Қазақстанға ҰҚШҰ күштерінің енгізілуі елдің тәуелсіздігіне нұқсан келтірмейді – сарапшы

© Sputnik / Владислав ВодневЗаместитель директора Казахстанского института стратегических исследований при президенте Санат Кушкумбаев
Заместитель директора Казахстанского института стратегических исследований при президенте Санат Кушкумбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
ҰҚШҰ күштері ойрандатушыларға қарсы жұмсалмайды. Олар тек қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруге көмектеседі, деді сарапшы
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қазақстанға ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің енгізілуі елдің егемендігіне нұқсан келтірмейді, дейді Қазақстан стратегиялық даму инситуты директорының орынбасары, саясат ғылымдарының докторы Санат Көшкімбаев.
"ҰҚШҰ күштерінің енгізілуі – бұл серіктес елдердің Қазақстанға антитеррористік операцияны өткізуде көмек қолын созуы. Яғни мәселе қазіргі ушығып тұрған кезеңге қатысты. Олар құқық қорғау органдарына тәртіп орнатуға көмектеседі. Алдыңғы шепте болмайды. Мұның барлығы Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жасалып отыр", - деді Көшкімбаев.
Ол бітімгершілік күштердің кіргізілуі елдің тәуелсіздігіне нұқсан келтіреді деген дилетанттардың қисынсыз әңгімесі екенін атап өтті.
"Қала халқының тығыз орналасуы, азаматтық тұлғалардың көптігі қаланы, алаңдар мен үй аумақтарын ойрандатушылардан тазартуда біраз күштік құрылымды қажет етеді. Бұл жерде әңгіме осы мақсатта оқытылған арнайы күштерде болып тұр", - деді ол.
Саясаттанушының айтуынша, бұзақы топ біраз уақыт аймақтарда шоғырланған болуы мүмкін.
"Қазір президент сыртқы агрессиялық күштер туралы бекер айтқан жоқ. Яғни Алматыда арнайы мақсатта дайындалған және кіріктірілген адамдардың жүргенін көруге болады. Оның бәрін тексеріс көрсетеді. Қазір 500-ге жуық қаруланған адамдар жүр. Олар топтасқан болуы мүмкін. Алматыда бірнеше қару-жарақ дүкені мен қоймасы тоналды. Бұл қоғамға үлкен қауіп төндіреді", - деді ол.
Айтуынша, контртеррористік операция бұл адамдарды ығыстыру мен ұстауға бағытталған. Бұл орайда ҰҚШҰ-ның көмегі қажет, деді ол. Жағдай тұрақталғаннан кейін бұл күштер елден кетеді.
Оның айтуынша, Алматыны ойрандатушылардан тазарту үшін ішкі істер және қорғаныс министрлігінің күші қолданылып жатыр.
"Ол жерге ҰҚШҰ күштері ойрандатушыларға қарсы жұмсалмайды. Олар тек қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруге көмектеседі. Қазір елдің барлық аумағында төтенше жағдай енгізіліп, жұмыс ауқымды түрде жүргізіліп жатқандықтан бұл көмек бізге қажет", - деді ол.
Сонымен қатар бұл әрекет ҰҚШҰ одақтастарының Қазақстанға дипломатиялық және саяси сипаттағы қолдауы болып саналады.
"Бұл бір жағынан өзге экстремистік топтар үшін белгі", - деді ол.
Жаңалықтар
0