Саясат

ҰҚШҰ елдері басшылары Қазақстандағы жағдайды талқылады

© AFP 2024 / ABDUAZIZ MADYAROVОМОН на улицах Алматы во время беспорядков, 5 января
ОМОН на улицах Алматы во время беспорядков, 5 января - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Елдер ҰҚШҰ-ның дағдарыс жағдайында әрекет ету Жарғысына сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ортақ позицияны талқылады
НҰР-СҰЛТАн, 6 қаңтар – Sputnik. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ҰҚШҰ елдері басшыларымен телефон арқылы түнде Қазақстандағы жағдайды талқылады, деп хабарлайды Қырғызстан мемлекет басшысының ресми сайты.
Садыр Жапаров Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескен. Сонымен қатар ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің қазіргі төрағасы, Армения премьер-министрі, Никол Пашинян және Ресей президенті Владимир Путинмен хабарласқан.
ҰҚШҰ елдері басшылары Қазақстандағы жағдайды талқылады.
Елдер ҰҚШҰ-ның дағдарыс жағдайында әрекет ету Жарғысына сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ортақ позицияны сөз еткен.
Айта кетері, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев террористік қауіпке байланысты ҰҚШҰ-ның ұжымдық қаупісіздік кеңесінен көмек сұрағанын мәлімдеді.
ҰҚШҰ-ның ұжымдық қаупісіздік кеңесі жағдайды тұрақтандыру үшін Қазақстанға бітімгерлер жіберу туралы шешім қабылдады. ҰҚШҰ контингенті Қазақстанға шектеулі мерзімге әкелінеді, деп мәлімдеді Армения премьер-министрі, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің қазіргі төрағасы Никол Пашинян.
Қазақстандағы ҰҚШҰ күші елде тәртіп орнатумен айналыспайды, олар әскери инфрақұрылым мен өзге нысандарды күзетеді. Бұл туралы Ресейдің мемлекеттік думасының ТМД бойынша комитетінің төрағасы Калашников хабарлады. Ол ҰҚШҰ күші Қазақстан билігі өтініш жасағанша елде болатынын атап өтті.
Жаңалықтар
0