https://sputnik.kz/20220106/azastanda-25-zholaushy-men-120-zhk-poyyzy-totady-19071695.html
Қазақстанда 25 жолаушы мен 120 жүк пойызы тоқтады
Қазақстанда 25 жолаушы мен 120 жүк пойызы тоқтады
Sputnik Қазақстан
Пойыздардың қозғалысы елдегі жағдай тұрақталғаннан кейін қайта жанданады 06.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-06T12:11+0500
2022-01-06T12:11+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
жолаушы
пойыз
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1c/15870357_0:63:1201:738_1920x0_80_0_0_adb73e5732680ec35209ad56ee94b148.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда 25 жолаушы және 120 жүк пойызы тоқтады."Қазақстан темір жолы" АҚ ақпаратынша, 10 құрам құрылу пунктіне кері оралған."6 қаңтардағы жағдай бойынша Мақат, Арал, Теңіз, Қазақстан, Сексеуіл, Бейнеу, Маңғыстау, Әйтеке би стансаларында темір жолдың жабылуына байланысты пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. 25 жолаушы пойызы тоқтады, құрылу пунктеріне 10 құрам қайта оралды. 10 жолаушы пойызы Қазалы, Сексеуіл, Қызылорда, Қандыағаш, Ақтөбе, Төретам, Жезқазған стансаларында темір жолда тұрып қалды. Қазіргі таңда бұл құрамдардың жолаушылары діттеген жеріне жете алмай отыр. Олар уақытша станцияларға орналастырылды, ас-сумен қамтамасыз етілді", - деп мәлімдеді компаниядағылар.Сондай-ақ 5 қаңтардан бастап "ҚТЖ" компаниясы қозғалыс жабылған стансалар арқылы өтетін жолаушылар пойыздарына "Алматы-1", "Алматы-2", "Маңғыстау", "Атырау, "Ақтөбе", "Нұр-Сұлтан" стансаларына дейін билет сатуды тоқтатты. Қайтарылған билеттің ақшасы ешқандай комиссиясыз толық қайтарылады.Бұдан бөлек, 6 қаңтарда таңертең 129 жүк көлігінің қозғалысы уақытша тоқтатылды.ҚТЖ жағдай компанияның жедел штабының бақылауында болатынына сендірді. Пойыздардың қозғалысы жағдай тұрақталғаннан кейін қайта жанданады. Теміржол компаниясы сапарды кейінге қалдыруды және қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1c/15870357_66:0:1133:800_1920x0_80_0_0_0367152a338a883b7ccc15d8d4794c39.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жолаушы, пойыз
Қазақстанда 25 жолаушы мен 120 жүк пойызы тоқтады
12:11 06.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Пойыздардың қозғалысы елдегі жағдай тұрақталғаннан кейін қайта жанданады
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда 25 жолаушы және 120 жүк пойызы тоқтады.
"Қазақстан темір жолы" АҚ ақпаратынша, 10 құрам құрылу пунктіне кері оралған.
"6 қаңтардағы жағдай бойынша Мақат, Арал, Теңіз, Қазақстан, Сексеуіл, Бейнеу, Маңғыстау, Әйтеке би стансаларында темір жолдың жабылуына байланысты пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. 25 жолаушы пойызы тоқтады, құрылу пунктеріне 10 құрам қайта оралды. 10 жолаушы пойызы Қазалы, Сексеуіл, Қызылорда, Қандыағаш, Ақтөбе, Төретам, Жезқазған стансаларында темір жолда тұрып қалды. Қазіргі таңда бұл құрамдардың жолаушылары діттеген жеріне жете алмай отыр. Олар уақытша станцияларға орналастырылды, ас-сумен қамтамасыз етілді", - деп мәлімдеді компаниядағылар.
Сондай-ақ 5 қаңтардан бастап "ҚТЖ" компаниясы қозғалыс жабылған стансалар арқылы өтетін жолаушылар пойыздарына "Алматы-1", "Алматы-2", "Маңғыстау", "Атырау, "Ақтөбе", "Нұр-Сұлтан" стансаларына дейін билет сатуды тоқтатты.
Қайтарылған билеттің ақшасы ешқандай комиссиясыз толық қайтарылады.
Бұдан бөлек, 6 қаңтарда таңертең 129 жүк көлігінің қозғалысы уақытша тоқтатылды.
ҚТЖ жағдай компанияның жедел штабының бақылауында болатынына сендірді. Пойыздардың қозғалысы жағдай тұрақталғаннан кейін қайта жанданады. Теміржол компаниясы сапарды кейінге қалдыруды және қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұрады.