https://sputnik.kz/20220106/Zhappay-tartipsizdik-biznes-19080446.html
Жаппай тәртіпсіздік салдарынан бизнеске 40 млрд теңге залал келтірілді
Жаппай тәртіпсіздік салдарынан бизнеске 40 млрд теңге залал келтірілді
Sputnik Қазақстан
Азаматтардан халық жиі тұтынатын тауарлар мен азық-түліктің тапшылығы туралы қоңыраулар да түсіп жатыр 06.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-06T19:12+0500
2022-01-06T19:12+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
тәртіпсіздік
бизнес
келтірілген шығын
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19063119_0:15:3591:2035_1920x0_80_0_0_8c5fb4e98094764c9a7c48120ccdec84.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасы өңірдегі бизнес-қауымдастықтармен бірлесіп, жаппай тәртіпсіздік кезінде келтірілген шығынның мөлшерін анықтап жатыр.Алдын ала есепке сәйкес, залалдың жалпы сомасы шамамен 40 млрд теңгені құрады (Алматыда 39,5 млрд теңге). Зардап шеккен бизнес субъектілері туралы ақпарат жинау жалғасып жатыр."Атамекен" кәсіпкерлердің шығынын жедел желі телефондары арқылы жинап жатыр. Бұдан бөлек ұлттық палатаның өңірдегі филиал қызметкерлері бизнес объектілеріне бара алмай, сырттан бақылап, аралау және көзбен шолу жүргізді. Себебі зардап шеккен нысандардың барлығына бірдей бару мүмкін емес. Кей өңірде нысанға азаматтар жіберілмейді.Алдын ала болжамның нәтижелеріне сәйкес, объектілердің 70%-нің сыртқы қасбеті бүлінген. Толық тексеру, ақпарат алмасу жұмысы интернеттің жоқтығынан қиындай түсті.Алматыда полиция басқармасы ғимаратының маңында террористердің көзі жойылды6 қаңтардағы сағат 17:00-дегі жағдайға сәйкес, 43 объектіде (оның ішінде 12 сауда ойын-сауық орталығы және сауда үйлері) 300-ге жуық бизнес субъекті зардап шеккен. Залалдың жалпы сомасы шамамен 40 млрд теңгені құрады (Алматыда 39,5 млрд теңге). Негізінен сауда, қоғамдық тамақтану, көлік, қызмет көрсету, сондай-ақ қаржы секторының (әсіресе банкоматтар) субъектілеріне зиян келтірілген. Ғимараттардың қасбеті, кіреберісі, үй-жайлар бүлінген. Қымбат жабдықтар, техника, интерьер заттары, тауарлық-материалдық қор және басқа заттар ұрланған. Сондай-ақ "ҚОРАМСАҚ" қауымдастығының мәліметінше, Алматы қаласында 6 қару-жарақ дүкені ("Қорған-центр" ЖШС, "Арма-56" ЖШС, "Анна-16" ЖШС, "Анна" ЖШС, "Оружейник" ЖШС, "Pro-Hunt" ЖШС) тоналған.Ұлттық банк банкоматта ақшаның жоқтығына қатысты түсініктеме бердіСонымен қатар, азаматтардан мүлікке келтірілген залал және аулаларда, шағын аудандар мен тұрғын үй кешендерінде жарықтың болмауы туралы шағымдар түсіп жатыр. Барлық дерлік банкоматтың жұмысы тоқтап, азаматтардың көбі қолма-қол ақша алып үлгермеген. Салдарынан көптеген азамат азық-түлік сатып ала алмай отыр. Дүкендер тауарларды тек қолма-қол ақшамен сатып жатыр.Азаматтардан халық жиі тұтынатын тауарлар мен азық-түліктің тапшылығы туралы қоңыраулар да түсіп жатыр. Бұл дистрибьюторлар жұмысының бөгелуіне байланысты болып отыр.Мұнымен қоса, кәсіпорын басшылары жұмысшылардың жалақысын есептей алмай отырғанын мәлімдеді, себебі интернет жоқ, транзакциялар тоқтатылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19063119_430:0:3161:2048_1920x0_80_0_0_9489f29d0d11255f40ef5ff05696dc7e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тәртіпсіздік, бизнес, келтірілген шығын
тәртіпсіздік, бизнес, келтірілген шығын
Жаппай тәртіпсіздік салдарынан бизнеске 40 млрд теңге залал келтірілді
19:12 06.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Азаматтардан халық жиі тұтынатын тауарлар мен азық-түліктің тапшылығы туралы қоңыраулар да түсіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасы өңірдегі бизнес-қауымдастықтармен бірлесіп, жаппай тәртіпсіздік кезінде келтірілген шығынның мөлшерін анықтап жатыр.
Алдын ала есепке сәйкес, залалдың жалпы сомасы шамамен 40 млрд теңгені құрады (Алматыда 39,5 млрд теңге). Зардап шеккен бизнес субъектілері туралы ақпарат жинау жалғасып жатыр.
"Атамекен" кәсіпкерлердің шығынын жедел желі телефондары арқылы жинап жатыр. Бұдан бөлек ұлттық палатаның өңірдегі филиал қызметкерлері бизнес объектілеріне бара алмай, сырттан бақылап, аралау және көзбен шолу жүргізді. Себебі зардап шеккен нысандардың барлығына бірдей бару мүмкін емес. Кей өңірде нысанға азаматтар жіберілмейді.
Алдын ала болжамның нәтижелеріне сәйкес, объектілердің 70%-нің сыртқы қасбеті бүлінген. Толық тексеру, ақпарат алмасу жұмысы интернеттің жоқтығынан қиындай түсті.
6 қаңтардағы сағат 17:00-дегі жағдайға сәйкес, 43 объектіде (оның ішінде 12 сауда ойын-сауық орталығы және сауда үйлері) 300-ге жуық бизнес субъекті зардап шеккен. Залалдың жалпы сомасы шамамен 40 млрд теңгені құрады (Алматыда 39,5 млрд теңге).
Негізінен сауда, қоғамдық тамақтану, көлік, қызмет көрсету, сондай-ақ қаржы секторының (әсіресе банкоматтар) субъектілеріне зиян келтірілген. Ғимараттардың қасбеті, кіреберісі, үй-жайлар бүлінген. Қымбат жабдықтар, техника, интерьер заттары, тауарлық-материалдық қор және басқа заттар ұрланған.
Сондай-ақ "ҚОРАМСАҚ" қауымдастығының мәліметінше, Алматы қаласында 6 қару-жарақ дүкені ("Қорған-центр" ЖШС, "Арма-56" ЖШС, "Анна-16" ЖШС, "Анна" ЖШС, "Оружейник" ЖШС, "Pro-Hunt" ЖШС) тоналған.
Сонымен қатар, азаматтардан мүлікке келтірілген залал және аулаларда, шағын аудандар мен тұрғын үй кешендерінде жарықтың болмауы туралы шағымдар түсіп жатыр. Барлық дерлік банкоматтың жұмысы тоқтап, азаматтардың көбі қолма-қол ақша алып үлгермеген. Салдарынан көптеген азамат азық-түлік сатып ала алмай отыр. Дүкендер тауарларды тек қолма-қол ақшамен сатып жатыр.
Азаматтардан халық жиі тұтынатын тауарлар мен азық-түліктің тапшылығы туралы қоңыраулар да түсіп жатыр. Бұл дистрибьюторлар жұмысының бөгелуіне байланысты болып отыр.
Мұнымен қоса, кәсіпорын басшылары жұмысшылардың жалақысын есептей алмай отырғанын мәлімдеді, себебі интернет жоқ, транзакциялар тоқтатылды.