https://sputnik.kz/20220106/UQShU-Qazaqstan-video-19073592.html
ҰҚШҰ күштері Қазақстанға жіберілді – видео
ҰҚШҰ күштері Қазақстанға жіберілді – видео
Sputnik Қазақстан
ҰҚШҰ-ның ұжымдық бітімгершілік күштері жағдайды тұрақтандыру және қалыпқа келтіру үшін Қазақстанға шектеулі мерзімге аттанды 06.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-06T13:55+0500
2022-01-06T13:55+0500
2022-02-01T13:05+0500
оқиға
https://sputnik.kz/img/07e5/03/0f/16534475_0:0:3093:1739_1920x0_80_0_0_857db1a48fa6da6fafd7e948997ccbdc.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Ресей әуе-ғарыш күштері әскери-көлік авиациясының ұшақтары ҰҚШҰ бітімгершілік контингентінің ресейлік бөлігін Қазақстан аумағына жіберіп жатыр.ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешіміне сәйкес, жағдайды тұрақтандыру және қалыпқа келтіру үшін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ұжымдық бітімгершілік күштері Қазақстанға шектеулі мерзімге жіберілді.Олардың құрамында Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан қарулы күштерінің бөлімшелері енді.ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің негізгі міндеттері маңызды мемлекеттік және әскери нысандарды қорғау, Қазақстан Республикасының құқық қорғау күштеріне жағдайды тұрақтандыруға және оны құқықтық алаңға қайтаруға көмектесу екені аталып өтті.Ресейден ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің құрамына Әуе десант күштерінің бөлімшелері мен әскери бөлімдері кірді.Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға төнген лаңкестік қауіпке байланысты ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінен көмек сұрағанын мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/0f/16534475_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_68b2a011afc5e502eb79a31a80c192d0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ҰҚШҰ күштері Қазақстанға жіберілді – видео
13:55 06.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) ҰҚШҰ-ның ұжымдық бітімгершілік күштері жағдайды тұрақтандыру және қалыпқа келтіру үшін Қазақстанға шектеулі мерзімге аттанды
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Ресей әуе-ғарыш күштері әскери-көлік авиациясының ұшақтары ҰҚШҰ бітімгершілік контингентінің ресейлік бөлігін Қазақстан аумағына жіберіп жатыр.
"Оның құрамындағы озық бөлімшелер жүктелген міндеттерді орындауға кірісіп кетті", - делінген Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының хабарламасында.
ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешіміне сәйкес, жағдайды тұрақтандыру және қалыпқа келтіру үшін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ұжымдық бітімгершілік күштері Қазақстанға шектеулі мерзімге жіберілді.
Олардың құрамында Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан қарулы күштерінің бөлімшелері енді.
ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің негізгі міндеттері маңызды мемлекеттік және әскери нысандарды қорғау, Қазақстан Республикасының құқық қорғау күштеріне жағдайды тұрақтандыруға және оны құқықтық алаңға қайтаруға көмектесу екені аталып өтті.
Ресейден ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің құрамына Әуе десант күштерінің бөлімшелері мен әскери бөлімдері кірді.
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға төнген лаңкестік қауіпке байланысты ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінен көмек сұрағанын мәлімдеді.