Қоғам

"Барынша қатаң әрекет етемін!": Тоқаев тағы үндеу жолдады

© AFP 2024 / ABDUAZIZ MADYAROVБеспорядки в Алматы
Беспорядки в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Мемлекет басшысы қазіргі жағдай Алматының барлық тұрғынына қауіп төндіріп отырғанын ерекше атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа тағы үндеу жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Менің осыған дейін жасаған бірнеше үндеуіме қарамастан өздерін "ереуілшілер" деп атайтын адамдар тобы қасақана түрде жағдайды ушықтырып отыр. Еліміздің тең жартысына жуығында қақтығыстар орын алуда. Әсіресе, Алматыдағы ахуал өте күрделі. Біздің сүйікті қаламызда құқық қорғау қызметкерлеріне жаппай шабуыл жасалып жатыр. Олардың арасында қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Бұзақы топтар әскери қызметшілерді ұрып-соғып, көшеге жалаңаш шығарып, мазаққа айналдыруда. Әйелдерді зорлап, дүкендерді тонап жатыр", - дейді Тоқаев.
Мемлекет басшысы қазіргі жағдай Алматының барлық тұрғынына қауіп төндіріп отырғанын ерекше атап өтті. Оған төзуге болмайды. Басқа облыс орталықтарында да жағдай ушығып тұр. Осыған байланысты төтенше жағдай енгізілді.
"Президент ретінде, мен, азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға, Қазақстанның тұтастығына алаңдауға міндеттімін. Менің қабылдаған шараларым көп ұлтты Қазақстанның игілігіне бағытталған. Алайда бұл шаралар жеткіліксіз болып тұр. Бұзақы топтардың әрекеттері жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көріп отырмыз. Бұл қаржыландырылған бүлікшілердің жан-жақты ойластырылған жоспары екенін дәлелдейді. Бұл – қаскөйлердің қитұрқы әрекеті", - деп атап көрсетті президент.
Бүгіннен бастап Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде барынша қатаң әрекет ететінін жеткізді. Бұл – өмірін қорғап қалуға өтініш білдірген көптеген азаматымыздың қауіпсіздігіне қатысты мәселе.
"Бұл – мемлекетіміздің қауіпсіздігіне тікелей қатысты. Халық мені қолдайтынына сенімдімін. Қандай жағдай болса да мен елордада боламын. Халықпен бірге болу – менің Конституциялық міндетім. Біз жұмыла отырып, Қазақстан тарихындағы осы сын сағатты бірге еңсереміз. Бұдан шыңдалып шығамыз. Жуырда Қазақстанды саяси трансформациялау жөніндегі жаңа ұсыныстарымды жариялаймын. Мен дәйекті реформаларды бұрынғыдай жалғастыра беремін", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары мен әскери қызметшілерге ерекше алғыс білдірді.
"Олар қарулы топтардың соққысына кеудесін тосты. Өкінішке қарай қаза тапқандар да бар. Мерт болған азаматтардың отбасыларының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.
Жаңалықтар
0