Саясат

Ресей Қазақстандағы жағдайға қатысты ұстанымын жариялады

© Sputnik / Владимир Вяткин / Медиабанкке өтуГорода России. Москва
Города России. Москва - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Біз республикадағы қалыпты өмірдің қалпына келуіне мүдделіміз, делінген мәлімдемеде
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Ресей Федерациясы Қазақстанға Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бітімгерлерінің жіберілуіне қатысты өз ұстанымын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан осы елдің сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
"Ресей Федерациясы ҰҚШҰ аясындағы одақтастық міндеттерін растай отырып, Қазақстандағы зорлық-зомбылықтың өсуі мен ішкі саяси жағдайдың күрт деградацияға ұшырауына байланысты шұғыл шаралары қабылдауды қолдады. Біз мемлекеттегі соңғы оқиғалар алдын ала ұйымдастырылған, қарулы құрылымдарды пайдаланып, сырттан азғыру арқылы елдің тұтастығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтірудің амалы ретінде қарастырып отырмыз", - делінген ресми мәлімдемеде.
Осы орайда сыртқы істер министрлігі Қазақстанмен және ҰҚШҰ бойынша басқа да одақтастармен кеңес беруді жалғастыра беретінін ерекше атап өтті.
Негізгі мақсат – қазіргі жағдайға талдау жасау және қажет болған жағдайда тиімді шешімдерді табу. Кеңес беру кезінде Қазақстанның құқық қорғау органдары өткізіп жатқан контртеррористік операцияға қолғабыс жасауға, барлық бейбіт тұрғынның және өмірлік маңызы бар нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ аса маңызды инфрақұрылымдарды қайта ашуға және қазақстандық биліктің бақылауына беруге басымдық жасалады.
"Біз республикадағы қалыпты өмірдің қалпына келуіне мүдделіміз", - делінген мәлімдемеде.
2022 жылы 6 қаңтарда ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтініші бойынша елдегі жағдайды тұрақтандыру және қалыпқа келтіру үшін бітімгершілік күштерін Қазақстанға шектеулі мерзімге жіберуге шешім қабылдады.
Осы шешім 1992 жылы 15 мамырда рәсімделген Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімшарттың 4-бабы аясында қабылданып отыр.
Оған сәйкес, ұйымға мүше кез келген мемлекетке агрессия (территориялық тұтастыс, қауіпсіздік, егемендік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін қарулы шабуыл) жасалған жағдайда басқа елдер оның өтініші бойынша шұғыл түрде қажетті қолдау, соның ішінде әскери көмек көрсетеді.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0