Экономика

Ресейлік әуе компаниясы Қазақстанға ұшатын үш рейсті тоқтатты

© REUTERS / MAXIM SHEMETOVПассажир в маске в московском аэропорту Шереметьево
Пассажир в маске в московском аэропорту Шереметьево - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
НовостиTelegram
"Аэрофлот" компаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге ұшатын таңғы рейстерді де тоқтатқан болатын
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Ресейлік "Аэрофлот" әуе компаниясы Қазақстанның үш қаласына ұшатын рейстерді тоқатты.
"Шереметьево" әуежайының онлайн-таблосына сәйкес, Мәскеуден Алматы, Нұр-Сұлтан мен Ақтау қалаларына үш рейс кешкі сағат 20:50, 23:20 және 23:35-де ұшуы керек еді. Қазіргі кезде барлық рейстер тоқтатылып отыр.
"Аэрофлот" компаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге ұшатын таңғы рейстерді де тоқтатқан болатын. Бұған дейін 5 қаңтарда Қазақстанда басталған наразылық акцияларына байланысты Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында қатынайтын ұшақтар шықпай қалған.

Оқи отырыңыз:

 
Жаңалықтар
0