https://sputnik.kz/20220106/Nur-Sultan-blok-beket-19082488.html
Нұр-Сұлтанның айналасында блок бекеттер қойылды
Нұр-Сұлтанның айналасында блок бекеттер қойылды
Sputnik Қазақстан
Полиция қаладағы жағдайды толығымен бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді 06.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-06T23:58+0500
2022-01-06T23:58+0500
2022-02-01T13:05+0500
терроризмге қарсы арнайы операция
елорда тынысы
https://sputnik.kz/img/482/65/4826570_0:186:3311:2048_1920x0_80_0_0_0a6dafd7f29108ac629948d2076549de.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Елорданың айналасында алты блок бекет орнатылды, деп хабарлады Хабар 24 арнасы.Блок бекеттер Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар, Қорғалжын мен Астарахан бағытында қойылды. Құқық қорғаушылар мен әскерилер кезекшілікке кірісті. Полиция қаладағы жағдайды толығымен бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.Ал әкімдік халықтан коменданттық сағаттың талаптарын орындауды сұрап отыр. "Қалада төтенше жағдай режимі енгізілген. Коменданттық сағат аясында сағат 23:00-ден 7:00-ге дейін далаға шығуға болмайды. Полиция күшейтілген режимге көшіріліп, адамдардың жеке құжаттарын тексеріп жүр. Қала тұрғындарын 23:00-ден кейін далаға шықпауға шақырамыз. Сондай-ақ халықтан адам көп жиналатын жерлерге бармауды сұраймыз", - дейді мамандар.Айта кетері, бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындары мен қонақтарды жағдай тұрақталғанша үйден шықпауға үндеген болатын.Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында терроризмге қарсы операция басталды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/482/65/4826570_216:0:2947:2048_1920x0_80_0_0_04b8c53f8a803e29cf4b816914421a46.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
терроризмге қарсы арнайы операция
терроризмге қарсы арнайы операция
Нұр-Сұлтанның айналасында блок бекеттер қойылды
23:58 06.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Полиция қаладағы жағдайды толығымен бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Елорданың айналасында алты блок бекет орнатылды, деп хабарлады Хабар 24 арнасы.
Блок бекеттер Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар, Қорғалжын мен Астарахан бағытында қойылды. Құқық қорғаушылар мен әскерилер кезекшілікке кірісті. Полиция қаладағы жағдайды толығымен бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.
Ал әкімдік халықтан коменданттық сағаттың талаптарын орындауды сұрап отыр.
"Қалада төтенше жағдай режимі енгізілген. Коменданттық сағат аясында сағат 23:00-ден 7:00-ге дейін далаға шығуға болмайды. Полиция күшейтілген режимге көшіріліп, адамдардың жеке құжаттарын тексеріп жүр. Қала тұрғындарын 23:00-ден кейін далаға шықпауға шақырамыз. Сондай-ақ халықтан адам көп жиналатын жерлерге бармауды сұраймыз", - дейді мамандар.
Айта кетері, бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындары мен қонақтарды жағдай тұрақталғанша үйден шықпауға үндеген болатын.