Оқиға

Ауған соғысының ардагерлері Алматыда халық жасағын құруды көздеп отыр

© REUTERS / Pavel MikheyevДемонстранты идут по улице во время акции протеста, вызванной повышением цен на топливо в Алматы
Демонстранты идут по улице во время акции протеста, вызванной повышением цен на топливо в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Ауған соғысының ардагерлері Алматыда тәртіпті қамтамасыз ету үшін халық жасақтарын құруды көздеп отыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне ардагерлер ұйымы бірлестігінің өкілі
АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Алматыдағы Республика алаңына әскери техника келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Таңертең осы аумаққа бірнеше жүз адам жиналды.
Интернационалист-жауынгерлердің ардагерлер ұйымы бірлестігі өкілінің айтуынша, Алматыда қоғамдық тәртіпті реттеуге көмектесетін халық жасақтарын ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Бұған дейін хабарланғандай, Республика алаңында тәртіпсіздікке қатысушыларды әскерилер қоршап алды, 50-ге жуық техника, оның ішінде бронды машиналар мен БТР келді.
Бірнеше оқ атылды. Әскерилер бейбіт тұрғындарды 100 метрге аулақ кетуге мәжбүрледі, содан кейін кескілескен атыс болды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның барлық өңірінде төтенше жағдай режимі енгізілді. Жүріп-тұруға бірқатар шектеу енгізілді, қоғамдық тәртіпті күзету күшейтілді, жаппай бұқаралық іс-шараларға тыйым салынды.  
Жаңалықтар
0