https://sputnik.kz/20220105/syiytylgan-gaz-elektrondy-sauda-19052252.html
Сұйытылған газды электронды сауда арқылы сатуға толық көшу бір жылға шегеріледі
Сұйытылған газды электронды сауда арқылы сатуға толық көшу бір жылға шегеріледі
Sputnik Қазақстан
Президент Бас прокуратураға бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесіп, бағалық сөз байласу мен өзге де бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысты тергеу... 05.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-05T09:09+0500
2022-01-05T09:09+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
газ
электронды сауда алаңдары
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
https://sputnik.kz/img/07e5/05/0f/17062617_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_88f96a0bb372b5a064f92628fe1ab451.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке сұйытылған газды электрондық сауда алаңдары арқылы өткізуге толық көшуді бір жылға шегеруді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.Бүгін, 5 қаңтар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізді. Жиын барысында президент қазіргі жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бірінші кезекте атқарылатын шаралар туралы баяндады.Тоқаев Маңғыстау бойынша үкіметтік комиссия ұсынған шаралар кешенін мақұлдайтынын атап өтті. Ол монополияға қарсы органға Кәсіпкерлік кодекстің 119-бабына сәйкес сұйытылған газдың бағасын 180 күнге уақытша бағалық реттеу енгізуді тапсырды. Облыстарда халық үшін шекті бағалар өткен жылдың соңындағы баға деңгейінен аспауға тиіс екенін мәлімдеді.Сондай-ақ президент Бас прокуратураға бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесіп, бағалық сөз байласу мен өзге де бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысты тергеу жүргізуді, оның нәтижесі жайлы 20 күн ішінде есеп беруді тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/0f/17062617_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_b0b02ab1736f21670ece8c8699e38b83.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, электронды сауда алаңдары, қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
газ, электронды сауда алаңдары, қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
Сұйытылған газды электронды сауда арқылы сатуға толық көшу бір жылға шегеріледі
09:09 05.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Президент Бас прокуратураға бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесіп, бағалық сөз байласу мен өзге де бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысты тергеу жүргізуді тапсырды
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке сұйытылған газды электрондық сауда алаңдары арқылы өткізуге толық көшуді бір жылға шегеруді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.
Бүгін, 5 қаңтар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізді. Жиын барысында президент қазіргі жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бірінші кезекте атқарылатын шаралар туралы баяндады.
Тоқаев Маңғыстау бойынша үкіметтік комиссия ұсынған шаралар кешенін мақұлдайтынын атап өтті. Ол монополияға қарсы органға Кәсіпкерлік кодекстің 119-бабына сәйкес сұйытылған газдың бағасын 180 күнге уақытша бағалық реттеу енгізуді тапсырды. Облыстарда халық үшін шекті бағалар өткен жылдың соңындағы баға деңгейінен аспауға тиіс екенін мәлімдеді.
"Үкіметке сұйытылған газды электрондық сауда алаңдары мен биржалар арқылы өткізуге толық көшуді бір жылға шегеруді тапсырамын. Осы кезеңде нормативтік-құқықтық базаны мұқият әзірлеп, сауда алаңдары жұмысының ашық болуын қамтамасыз ету, бағаның күрт өсуін шектеу тетіктерін енгізу қажет", - деді Тоқаев.
Сондай-ақ президент Бас прокуратураға бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесіп, бағалық сөз байласу мен өзге де бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысты тергеу жүргізуді, оның нәтижесі жайлы 20 күн ішінде есеп беруді тапсырды.