https://sputnik.kz/20220105/smayilov-kenes-otkizdi-19055182.html
Смайылов: мемлекет басшысы шараларды кідіріссіз қабылдауды тапсырды
Смайылов: мемлекет басшысы шараларды кідіріссіз қабылдауды тапсырды
Sputnik Қазақстан
Тиісті мемлекеттік органдар сұйытылған газды өткізу кезінде бағалық сөз байласу және өзге де бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысты тергеу жүргізеді 05.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-05T11:38+0500
2022-01-05T11:38+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
әлихан смайылов
мемлекет басшылары
шаралар
https://sputnik.kz/img/1212/44/12124496_0:0:2048:1159_1920x0_80_0_0_51bf6007b2ce6c38b2fb84a6fc8341b3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Премьер-министрдің міндетін атқарушы Әлихан Смайылов елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал жөніндегі кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған міндеттерін іске асыру бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.Смайылов газ саласын дамытудың кешенді жоспарын пысықтауды және Маңғыстау облысында сұйытылған газ өндіретін зауыт құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесіне мемлекеттік сараптама жүргізуді жеделдету керектігін айтты.Президент сұйытылған газ сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізудің қолданыстағы қағидаларын пысықтау, сұйытылған газды электрондық сауда алаңы арқылы өткізуге толық көшуді бір жылға ауыстыруды тапсырған болатын. Тиісті мемлекеттік органдар сұйытылған газды өткізу кезінде бағалық сөз байласу және өзге де бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысты тергеу жүргізеді.Тоқаев тапсырмасы5 қаңтар таңертең президент елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізді.Президент мұнай өнімдерінің (бензин, дизель, сұйытылған газ) бағасына мемлекеттік реттеуді 180 күнге енгізуді тапсырды.Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша да мемлекеттік реттеу енгізіледі. Шешімді нақты аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарай өңірлердің әкімдері қабылдайды.Сондай-ақ президент "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заң әзірлеуді бұйырды. Бұдан бөлек, халық үшін 180 күнге коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізу қажеттігі, халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтары үшін нарықтағы баспананы жалға алу құнын субсидиялау мәселесі қарастырылады.Денсаулық сақтау және балалар мәселелерін шешу үшін "Қазақстан халқына" деп аталатын қоғамдық қор құрылып, ол мемлекеттік және жеке көздер арқылы қаржыландырылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1212/44/12124496_0:0:2048:1287_1920x0_80_0_0_7895bcb2c15c8ba9df035f39919b44db.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты, әлихан смайылов, мемлекет басшылары, шаралар
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты, әлихан смайылов, мемлекет басшылары, шаралар
Смайылов: мемлекет басшысы шараларды кідіріссіз қабылдауды тапсырды
11:38 05.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Тиісті мемлекеттік органдар сұйытылған газды өткізу кезінде бағалық сөз байласу және өзге де бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысты тергеу жүргізеді
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Премьер-министрдің міндетін атқарушы Әлихан Смайылов елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал жөніндегі кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған міндеттерін іске асыру бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Смайылов газ саласын дамытудың кешенді жоспарын пысықтауды және Маңғыстау облысында сұйытылған газ өндіретін зауыт құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесіне мемлекеттік сараптама жүргізуді жеделдету керектігін айтты.
"Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша жоғарыда аталған шараларды кідіріссіз қабылдауды тапсырды", - деді Смайылов кеңесте.
Президент сұйытылған газ сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізудің қолданыстағы қағидаларын пысықтау, сұйытылған газды электрондық сауда алаңы арқылы өткізуге толық көшуді бір жылға ауыстыруды тапсырған болатын. Тиісті мемлекеттік органдар сұйытылған газды өткізу кезінде бағалық сөз байласу және өзге де бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысты тергеу жүргізеді.
5 қаңтар таңертең президент елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізді.
Президент мұнай өнімдерінің (бензин, дизель, сұйытылған газ) бағасына мемлекеттік реттеуді 180 күнге енгізуді тапсырды.
Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша да мемлекеттік реттеу енгізіледі. Шешімді нақты аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарай өңірлердің әкімдері қабылдайды.
Сондай-ақ президент "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заң әзірлеуді бұйырды. Бұдан бөлек, халық үшін 180 күнге коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізу қажеттігі, халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтары үшін нарықтағы баспананы жалға алу құнын субсидиялау мәселесі қарастырылады.
Денсаулық сақтау және балалар мәселелерін шешу үшін "Қазақстан халқына" деп аталатын қоғамдық қор құрылып, ол мемлекеттік және жеке көздер арқылы қаржыландырылады.