https://sputnik.kz/20220105/memlekettik-khatshy-tagayyndaldy-19051250.html
Жаңа мемлекеттік хатшы тағайындалды – президент жарлыққа қол қойды
Жаңа мемлекеттік хатшы тағайындалды – президент жарлыққа қол қойды
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін Қазақстан президентінің көмекшісі лауазымын атқарған Ерлан Қарин мемлекеттік хатшы болып тағайындалды 05.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-05T07:12+0500
2022-01-05T07:12+0500
2022-02-01T13:05+0500
саясат
ерлан қарин
кадрлық ауыс-түйіс
https://sputnik.kz/img/973/50/9735074_0:50:1278:773_1920x0_80_0_0_8213295ecf4ae1c07305bfd6a3352421.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік хатшыны тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.Еске сала кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберді.Ерлан Қарин туралы не білемізЕрлан Қарин 1976 жылы Түркістан облысының Сайрам ауданындағы Ақсу ауылында дүниеге келген. Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.Президент кеңесшісі қызметіне тағайындалғанға дейін "Қазақстан" арнасының басқарма төрағасы болған (2017 жылдан бастап).1997 жылы тарих мамандығы бойынша Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 1999 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия және саясаттану факультетін тәмамдаған.Еңбек жолын орта мектепте тарих және география пәндерінің мұғалімі болып бастады.Қазақстанның даму институтының Саяси зерттеулер орталығында қызметкер, Ресей және Қытай институтының директорының орынбасары, Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры, Маңғыстау облысының әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. 2008 жылдың ақпан айында Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды.2019 жылдың сәуір айында мемлекет басшысының кеңесшісі, 2020 жылдың шілдесінде президенттің көмекшісі болып тағайындалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/973/50/9735074_0:10:1278:813_1920x0_80_0_0_f945e2b0c886c17349435f75f70dee57.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ерлан қарин
Жаңа мемлекеттік хатшы тағайындалды – президент жарлыққа қол қойды
07:12 05.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Бұған дейін Қазақстан президентінің көмекшісі лауазымын атқарған Ерлан Қарин мемлекеттік хатшы болып тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік хатшыны тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
"Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын", - делінген жарлықтың мәтінінде.
Еске сала кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев
үкіметті отставкаға жіберді.Ерлан Қарин туралы не білеміз
Ерлан Қарин 1976 жылы Түркістан облысының Сайрам ауданындағы Ақсу ауылында дүниеге келген. Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.
Президент кеңесшісі қызметіне тағайындалғанға дейін "Қазақстан" арнасының басқарма төрағасы болған (2017 жылдан бастап).
1997 жылы тарих мамандығы бойынша Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 1999 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия және саясаттану факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын орта мектепте тарих және география пәндерінің мұғалімі болып бастады.
Қазақстанның даму институтының Саяси зерттеулер орталығында қызметкер, Ресей және Қытай институтының директорының орынбасары, Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры, Маңғыстау облысының әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.
2008 жылдың ақпан айында Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды.
2019 жылдың сәуір айында мемлекет басшысының кеңесшісі, 2020 жылдың шілдесінде президенттің көмекшісі болып тағайындалды.