Әлем

Мәскеу Қазақстандағы жағдайды бақылап отыр – Ресей сыртқы істер министрлігі

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуБольшой Кремлевский дворец
Большой Кремлевский дворец - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2022
Жазылу
Министрлікте зардап шеккен Ресей азаматтары туралы мәлімет жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Мәскеу Қазақстандағы жағдайды жіті бақылап отыр, зардап шеккен ресейліктер туралы ақпарат жоқ, деп хабарлады Ресей сыртқы істер министрлігі.
"Біз Қазақстандағы жағдайдың даму барысын жіті бақылап отырмыз. Зардап шеккен Ресей азаматтары туралы мәлімет жоқ", - деп хабарлады Ресей ведомствосы.
Бұған дейін Қазақстанның бірнеше өңірінде – Алматы қаласы, Маңғыстау және Алматы облыстарында төтенше жағдай енгізілген болатын. Халық сұйытылған газ бағасының күрт өсуіне наразылық білдірді. Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев болған жағдайға министрлер кабинеті де кінәлі екенін айтты.
Жаңалықтар
0