https://sputnik.kz/20220105/aurukhana-emkhana-komendatura-19059510.html
Наразылық білдірушілер аурухана мен емханаларды зақымдап жатыр – комендатура
Наразылық білдірушілер аурухана мен емханаларды зақымдап жатыр – комендатура
Sputnik Қазақстан
Тәртіпсіздік салдарынан жедел жәрдем көліктері мен бірқатар медициналық мекемеге залал келтірілгені хабарланды 05.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-05T15:05+0500
2022-01-05T15:05+0500
2022-02-01T13:05+0500
оқиға
https://sputnik.kz/img/1200/23/12002389_0:0:2049:1153_1920x0_80_0_0_935b3549003199f30ea1eb5027575b72.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар — Sputnik. Алматыда наразылық білдірушілер жедел жәрдем жұмысы мен медицина қызметкерлеріне зиян келтіріп, әлеуметтік нысандарды қиратуда, деп хабарлады қалалық комендатураның ақпарат орталығы.Қаланың қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, "адамдар мегаполис емханалары мен ауруханаларына кіріп, медициналық мекемелердің мүлкі мен жабдықтарын қиратты"."Заңсыз әрекеттер салдарынан жедел жәрдемнің бес қызметкері, оның ішінде екі жүргізуші мен үш медицина қызметкері зардап шекті. Олар қалалық стационарларға жеткізілді", - деп хабарлады ведомство.Сондай-ақ, екі жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті. Қалалық кардиологиялық орталықтың қабылдау бөлмесі мен клиникалық-диагностикалық бөлімшенің әйнектері сынған.Алмалы ауданының алғашқы медициналық-санитарлық көмек ғимаратында вандализм әрекеті тіркелді.Наурызбай ауданында №7 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлмесіне пациентпен жедел жәрдем көлігінің қатынауы тоқтатылды."Сонымен қатар, деструктивті әрекет жасаушылар жедел жәрдем көлігін тоқтатып, балаларды ауруханаларға жатқызуға жол бермей жатыр. Бұл әрекеттер пациенттерге уақтылы медициналық көмек көрсетуге кедергі келтіреді. Азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді", - деді комендатура.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1200/23/12002389_0:0:1821:1366_1920x0_80_0_0_0f39fe7ca8e0e5090d9cc905309503d8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Наразылық білдірушілер аурухана мен емханаларды зақымдап жатыр – комендатура
15:05 05.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Тәртіпсіздік салдарынан жедел жәрдем көліктері мен бірқатар медициналық мекемеге залал келтірілгені хабарланды
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар — Sputnik. Алматыда наразылық білдірушілер жедел жәрдем жұмысы мен медицина қызметкерлеріне зиян келтіріп, әлеуметтік нысандарды қиратуда, деп хабарлады қалалық комендатураның ақпарат орталығы.
Қаланың қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, "адамдар мегаполис емханалары мен ауруханаларына кіріп, медициналық мекемелердің мүлкі мен жабдықтарын қиратты".
"Заңсыз әрекеттер салдарынан жедел жәрдемнің бес қызметкері, оның ішінде екі жүргізуші мен үш медицина қызметкері зардап шекті. Олар қалалық стационарларға жеткізілді", - деп хабарлады ведомство.
Сондай-ақ, екі жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті. Қалалық кардиологиялық орталықтың қабылдау бөлмесі мен клиникалық-диагностикалық бөлімшенің әйнектері сынған.
Алмалы ауданының алғашқы медициналық-санитарлық көмек ғимаратында вандализм әрекеті тіркелді.
Наурызбай ауданында №7 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлмесіне пациентпен жедел жәрдем көлігінің қатынауы тоқтатылды.
"Сонымен қатар, деструктивті әрекет жасаушылар жедел жәрдем көлігін тоқтатып, балаларды ауруханаларға жатқызуға жол бермей жатыр. Бұл әрекеттер пациенттерге уақтылы медициналық көмек көрсетуге кедергі келтіреді. Азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді", - деді комендатура.